Денсаулық пен сұлулықтың сусыны — витграсс

Қазіргі заманда тек пайдалы өнімдерді қабылдап, денсаулықты сақтау қиын деп ойлайсыз ба? Жоқ, ол оңай. Сіз, дәрумендерге бай, сонымен қатар хлорофилл, аминоқышқылдар, түрлі ферменттер, әсіресе оның ішінде жастық шақ ферменті, көптеген минералы бар қарапайым табиғи өнім бар екенін білесіз бе? Мұндай табиғи өнім витграсс деп аталады. Ол бидайдың көк сабақтарынан жасалынатын сусын.  Бұл сусынды мұздатылған түрде интернеттен сатып алуға болады немесе оңай және аз шығынмен үйде де дайындауға болады.

Витграсстың пайдалы қасиеттері

Бидай сабақтары түрлі қасиеттерге, соның ішінде адам ағзасының жалпы имуннитетін көтеру, қартаюдан және туберкулез, рак аурулардан қорғайтын емдік қасиеттерге ие. Денсаулықтан басқа, бұл шырын сізге сұңғақтыққа, мінсіз теріге, жылтыр шашқа ие болуға көмектеседі. Витграсс көптеген БАҚ (БАД)-тар сияқты түрлі компоненттерден тұратын жасанды қоспа болып табылмайды. Ол тек табиғи болып табылады. Оның құрамында 70% хлорофилл бар. Адам ағзасына түсіп, ол токсиндерді шығарады, клеткаларды тазартады. Өткізілген зерттеулер бойынша, бұл шырын қан мен лимфаны тазартады, шаш түсуін тоқтатады және варикоздан диабетке дейін түрлі көптеген ауруларға керемет профилактика болып табылады. Витграсс теріге дұрыс қоректендіруді қамтамасыз етеді, оны тазартады және түрлі тері ауруларын, соның ішінде экзема, псориаз сияқты ауруларды емдеуге көмектеседі.

Маңызды! Витграссты асқазан аурулары бар адамдарға дәрігерлердің рұқсатынсыз қабылдамағаны жөн, әсіресе асқазан ойық жарасы барларға.

Бидай сабақтарын үйде өсіру және қолдану

Бидайды үйде өсіру үшін, сізге керек болады:

  • Бидай дәндері;
  • Қағаз сүлгілері;
  • Гүлдерге арналған топырақ;
  • Тереңдігі 5 см-ден кем болмайтын гүл отырғызатын ыдыс.

Бидай дәндерін шұңқыр тарелкаға салып, барлық дәндерді 1-2 см деңгейінде жабатындай суды құямыз. Су үйдің температурасымен бірдей болу керек. Бидай дәндері суда бір тәулік жату керек.

Бидай дәндерін абайлап сүзіп аламыз. Тарелкаға қағаз сүлгілерін салып, үстіне дәндерді орналастырамыз, сүлгілермер жабамыз. Кейін үстінен аз ғана су құямыз, беткі сүлгілер дымқылданса жеткілікті. Осы күйінде дәндердің кішкентай ақ сабақтары көрінгенше қойып қоямыз. Сүлгілер кепкен сайын дымқылдатып отыру керек.

Гүл отырғызатын ыдыстарды топыраққа толтырамыз. Топырақ қабаты 3 см-ден кем болмау керек. Ақ сабақтары көрінген дәндерді орналастырып, бетіне жұқа етіп бір қабат топырақ саламыз. Үстінен аз ғана сү құйып, ыдыстарды терезенің алдына қоямыз. Суды аздап күнделікті құйып тұру керек. Бидай сабақтарының ұзындығы 10-12 см жеткенде оларды қолдануға болады.

Витграсс сусынын дайындау үшін керек:

  • қалыңдығы 2-3 см болатындай бір уыс бидайдың көк сабақтары;
  • 100 мл су.

Жаңадан кесілген бидай сабақтарын 2-3см етіп турап, ыдысқа салып, су құйып, блендермен ұсақтаймыз. Дайын сусынды марлімен немесе сүзгішпен сүзіп аламыз. Сусынды дайындағаннан кейін 15 минут ішінде қабылдау керек. Оны ұзақ уақыт сақтасаңыз оның пайдалы қасиеттері жоғалып кетеді. Витграссты ашқарынға, ас қабылдаудың 15 минут алдында және күннің бірінші бөлігінде қабылдағаны жөн, себебі, ол өте мықты энергетик болып саналады, егер оны кешкісін қабылдасаңыз ұйқтай алмай қалуыңыз мүмкін.

Дендеріңіз сау болсын!

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*