Жанұядағы үлкен және кіші балалардың арасында жолдастық қарым-қатынастарын құру

Екі немесе одан да көп балалары бар ата-аналардың жиі шешетін басты проблемалары – балалардың арасындағы қызғанушылық, ұрыс-керіс, төбелес болып табылады. ХХ ғасырдың екінші ортасындағы психологтардың өткізілген зерттеулердің нәтижелері балалар арасындағы қарым-қатынастарында бір-біріне қамқор болуы немесе өшпенділіктің болуы, алдымен ата-аналарға, олардың нақты әр балаға деген қарым-қатынасы және тәрбиесіне қатысу деңгейіне байланысты болатыны дәлелдеген. Жанұядағы үлкен мен кіші балалардың арасындағы позитивті қарым-қатынастарды құру үшін психолог мамандар ата-аналарға көптеген түрлі әдістерді ұсынады:

  • балаларыңа көбірек жылы сөздердерді айтып тұрыңыздар, мысалы: «сенің келгеніне қуаныштымын», «сенің болғаны қандай жақсы»;
  • балаға құшағыңызды аямаңыз. Америкалық отбасы психологы Верджиния Сатирдың айтуы бойынша, баланы күніне төрт рет құшақтау керек, бұл кез келген адам үшін үлкен көмек береді.
  • екінші бала туған кезде керісінше тұңғышыңызға одан да көбірек көңіл бөліңіз.
  • әр балаға арнайы уақыт бөліп тұрыңыз, хал-жағдайын сұрап, онымен әңгімелесіңіз.
  • үлкеніңізді бала күтуші ретінде, үнемі кіші баламен отырғызып қою немесе үй шаруасын жасатқызу дұрыс емес. Мұндай жұмыстарға баланы ойын арқылы баулуға болады, яғни бірте-бірте осы әрекеттерді жасатқан жөн. Сонда үлкен бала өзінің қажетті екенін сезініп, оның өзіне деген сенімділігі артады, ал ата-ананың балаға деген сенімділігі, оның жауапкершілік сезімінің қалыптасуына көмектеседі.
  • үлкен баланы уақытынан бұрын ержеткізіп, оған қатаң талаптарды қоюға, мектепке ерте беруге болмайды.
  • отбасындағы барлық балаларды бірлестіріп белгілі бір іс-әрекеттерге ынталандыру қажет. Мысалы, әртүрлі ойындарды немесе үй шаруасындағы жұмыстарды бірігіп орындаңыз.
  • ата-аналар балалардың арасындағы дау-жанжалды объективті түрде талқылау керек және де балаларға компромисс табу әдістеріне үйрету, бір-бірімен татуласуға, кешірім сұрауға көмектесу керек.

Қорыта келе, ата-аналар үшін естеріне сақтап алатын жайт, олардың отбасында қанша бала болғанымен, олардың әр қайсысы жеке тұлға және әр қайсысы ата-ананың махаббатына, қамқорлығына лайықты. Отбасында дұрыс тәрбие алған балалар ұзақ жылдарға бір-біріне тірек, қамқор, ең жақын адамдар болады.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*