Жүктіліктің 11-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 9 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Баланың бойы төбесінен құйымшағына дейін 4,4-6 см аралығында болады, оның салмағы 8г шамасында. Қазір ол басын көтере алады, иегі кеудесінен бөлінеді. Бірте-бірте мойны қатайып, дамиды. Сонымен қатар саусақтарында тырнақтар пайда болады.

 Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Балаңызда үлкен өзгерістер болғанымен, сізде өзгерістер шамалы ғана. Сіздің жатырыңыз ішіндегі баланың өсуіне байланысты үлкейеді.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*