Жүктіліктің 13-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 11 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Сіздің балаңыз қазір өте тез өседі! Төбесінен құйымшағына дейін бойының ұзындығы 6,5-7,8см шамасында. Ал салмағы 14-20г құрайды.

Осы кезеңде баланың мүшелері және тіні тез өседі. Әдеттегідей, бұл кезеңде туа біткен кемістіктер пайда болмайды. Бірақ есірткілер, радиация немесе қатты күйзеліс, нәрестенің маңызды жасушаларын құрту мүмкін. Мұндай әсерлерден аулақ болыңыз.

Осы кезеңде баланың басы денесіне қарағанда өсуі бәсеңдетіледі. Баланың жүзі үйреншікті адамның бет әлпетіне ұқсай бастайды. Басында, бастың екі жағында пайда болған көздер, енді бір-біріне жақын орналаса бастады. Ұлды қыздан ажырата алатындай, жыныс мүшелері енді анық.

Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Сіздің жатырыңыз едәуір үлкейді, оны іштің астыңғы жағында қолбен сезе аласыз. 12-ші және 13-ші апталарда жатыр бүкіл жамбас қуысын толтырады және құрсақ қуысына, жоғары қарай өседі.

Қазір мүмкін, салмақ та қосқан болатынсыз.

Жүктіліктің 13-ші аптасы: 7 пікір

  1. Жүктіліктің 13апталық кезеңіндемін бірақ əлі ішім шыққанын сенбей жатырмын. Қорқамын бала өсіп жатырма ???

    1. Сәлем Майра. Қорықпа, шығады…:). Оның өсіп-дамуын УЗИде айтады. Әдетте оны дәрігердің жолдауымен барып тексерілесің

  2. Егер жүктілік 13апта десе узи неге іштегі нәресте 11апта болады

  3. 13 аптадамын бугн узиге бардым жынысын аныктауга али ерте дид неге

  4. Менын жуктылыгыме 10неделя 3 кун болды менын омырауым котергеннен беры улкейып келе жаткан еды осы 1апта болды омырауым кышырейып калды неге олай болып жатыр екен
    ышымдегы балам оспей калама деп катты уайымдап журмын отв жазгандарга Рахметт…!

  5. Салеметсиз бе мен жуктилигим 12 АПТА даригерлер бас суйеги миы дамымай калган деп жатыр УЗИ де не истесем болады енди калага узиге туссем деп отырмын платныйга

  6. Жүктіліктің 1-ші кезеңінде өзім фемибион 1ді ішкен болатынмын. Енді 13 апталықпыз, Аллаға шүкір. Фемибион 2-ні жалғастырғаным дұрыс па? Акушер дәрігерім керек емес деп отыр. Тек қана фоле іше бер дейді.

Добавить комментарий для Арай Отменить ответ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*