Жүктіліктің 14-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 12 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Енді баланың төбесінен құйымшағына дейін бойының ұзындығы 8-8,9см шамасында. Ал салмағы 25г шамасында.

Құлақтары, мойнынан бастың ек жағына қалыпты орнына орналасты. Мойны ұзарды. Енді иегі кеудесінде жатқан жоқ.

Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Қазір сізге жүкті әйелдерге арналған киім қажет болуы мүмкін. Әдетте, жүктілігі бірінші емес әйелдер, іштің ерте көрінуі және ол төмен орналасқанын байқайды.

Жүктілік кезінде теріде папилломалар және қалдардың өзгеруі немесе пайда болуы мүмкін. Папиллома – бұл тері бездері (жұмсақ сүйел). Жүкті әйелдерде олар жаңадан пайда болуы мүмкін немесе бұрыннан болған папилломдардың көлемі өсуі мүмкін. Сол сияқты қалдар да пайда болуы мүмкін, ал бұрыннан бар қалдар – түсі (қараю) және көлемінде өзгеруі мүмкін.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды.

*