Іштегі нәрестеге – 15 апта болды.
Нәрестенің өсіп-жетілуі
Бұл аптада төбесінен құйымшағына дейін бойының ұзындығы 11-12 см шамасында. Ал салмағы 100 г шамасында. Бұл аптадан бастап балада май қабатшасы астындағы қалыптаса бастайды. Ол заттектер алмасу үрдісінде және қуатты өндіруде қатысады.
17-ші аптада баланың жалпы массасының 89 граммын су құрайды, май — 0,5 г. Салмағы 3,5 кг болатын, мерзіміне жетіліп туылған нәрестенің майының салмағы — 2,4 кг болады.
Бұл аптада баланың қимыл-қозғалыстарын сезуіңіз мүмкін. Ал егер сезбесеңіз, жақында сезіп қаларсыз. Ол күнделікті қозғалмайды, бірақ жүктіліктің мерзімі өскен сайын қозғалыстары жиірірек және қаттырақ болады.
Сіздің денеңіздегі өзгерістер
Жатыр түбі кіндігіңізден 4-5 см төмен орналасқан. Енді ішіңіз кәдімгідей көрінеді.
Осы уақытта сіз салмағыңызға 2,25-тен 4,5 кг-ға дейін қосуыңыз мүмкін.
Жүктілікті дамуымен бірге жатырдың түбі сфералық пішініне ұқсап келе жатады. Жатыр жоғары қарай – ұзарып өседі. Ол кіші жамбас қуысын толтырып, енді бауырға дейін жоғары көтеріледі. Көлемінде үлкей отырып, ол ішкі мүшелерді жоғары және екі жаққа қарай жылжытады.