Жүктіліктің 18-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 16 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Нәресте бойының ұзындығы төбесінен құйымшағына дейін – 12,5-14 см шамасында. Ал салмағы 150 г шамасында.

Осы аптада УДЗ (УЗИ) арқылы туа біткен жүрек кемістігін анықтауға болады. Егер УДЗ, баланың жүрегінің кемістігін көрсетсе, зерттеулер бүкіл жүктілік кезеңінде жүргізіледі. Сонымен қатар, осы аптада УДЗ арқылы баланың нақты жынысын анықтауға болады.

Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Жүктіліктің басынан қазіргі уақытқа дейін, сіз 4,5-тен 5,8 кг дейін салмақ қосуыңыз мүмкін. Егер одан да көп салмақ қосқан болсаңыз, мүмкін диетологқа баруыңыз керек болады. Себебі, сіз, кейін одан көп салмақ қосатын боласыз. Бүкіл жүктілік кезінде салмағыңызға шамамен 11-ден 15,5 кг салмақ қосылады. Егер одан да көп қосатын болсаңыз, сізде жүктілік  те, босану да қиын өтетін болады.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды.

*