Жүктіліктің 25-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 22 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Осы аптада нәресте салмағы 700 г шамасында, ал төбесінен құйымшағына дейін бойының ұзындығы 22 см шамасында. Бұл орташа берілген мәліметтер, және олар басқа болуы мүмкін, себебі, аналары сияқты, балалар да әр түрлі болады.

Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Жатыр қасағаға дейін 25 см жоғары болады.

Шала туылған бала өмір сүре ала ма?

Егер сіздің балаңыз қазір туылған болса, оның өмір сүру мүмкіндігі бар. Қазіргі кездегі медицина шала туылған балалардың күтімінде едәуір жетістіктерге жетті. Жаңа дәрілер және құрылғылар, осындай құртақандай балалардың өмірін сақтай алады.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*