Жүктіліктің 7-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 5 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Қазір сіздің балаңыздың бойы керемет бір жылдамдықпен өседі. 7-ші аптаның басында оның бойы төбесінен құйымшағына дейін 4-5 мм болады. Ал осы аптаның аяғында оның бойы 11-13 мм болады.

Қолдары ұзарып, аяқтарының бастары қысқа жүзбеқанат тәріздес болады. Баланың миы, көзі дамиды. Саусақтар, танауы дами бастайды. Жүрегі оң және сол камераларға бөлінеді.  Өкпесінде бронх-жолдарының бастамалары пайда болды, олар арқылы адам өкпесіне ауа барады. Ішегі дами бастайды.

Инсулин гормонын шығаратын ұйқы безі пайда болады. Бұл без кіндік тамырына аз ғана шығып тұрады, бірақ кейін ол баланың құрсақ қуысына қайтадан оралады.

 Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Сіздің пішініңіз және салмағыңыз әлі де өзгермеген. Мүмкін таңертең жүрек айниды, кіші дәрет жиілейді. Көңіл-күй өзгергіш болады.

 

Жүктіліктің 7-ші аптасы: 28 пікір

  1. Салеметсиздерме! Менде етекир 16.01.2018 жылы келди казир жок бугин 21.02.2018 жыл 6 Кун задержка болып жатыр алдында етекирге уксас Бир розовый нарсе келди ол да жок болып Кетти бирак тест отрицательный ешнарсе корсетпейди неге екен?? Билер Адам болса?? Болмаса бундай жагдай басынан откен болса!!! Айтып жибериниздерши алдын ала Рахмет

    1. Сәлем Айлуна. Тағы бір рет тексеріп көрсеңшi. Теріс нәтиже көрсетсе, етеккірiн кешiгiп келеді

  2. Сәлеметсіздер ме?менің жүктілігіме 6-7 апта болды 2ші жүктілігім қан келген соң гинекологке бардым дюфастон берген қабылдап жүрмін бірақ осы соңғы 4күндей болды қайта қан келіп жүр етек кір сияқты не істесем болады? Даріні қабылдап жүрмін жай жай дозасын азайтып жүрмін бірден тоқтатуға болмайды деген соң өткен апта УЗИ-ге түскем 10 күннен соң қайта кел деген. Еш жерім ауырмайды астымда ішімде тек қан қауыпты ма? Өтініш білетіндер болса жауап берсеңіздер. Алдын ала рахмет.

    1. Назипа кан токтады ма? менде де дал осындай жагдай болып тур.турып журсем кишкене кан жугады. 8 сагат сайын дюфастон ишип, аягымды котерип жатырмын.

  3. Сәлем Назипа. Қан жұғып жатса, түсік қаупi бар деген сөз. Өзіңді күтіп ұста. Ауыр зат көтерме, жыныстық қатынасқа түсуге болмайды, көп қозғалмай жатқанын дұрыс. Берiлген дәрілерді iшу керек. Айтқандай 10 күннен кейін узиге түсiп тексеріл.

  4. Сəлеметсіздер ме. Менің ең сонғы етеккірім 05 сəуірде келген. Осы кезде 7 аптада жүрмін. Менде выделения бар сары түсті. Бірінші кезде исі шыгатын, қазір иіс жоқ, бірақ жиі келеді. Ол кете ма? Не істесем болады? Алдын ала рахмет

  5. Салеметсіздерме!!! Менің жүктілігіме 7 апта, бірінші жүктілік, маған екі күн бұрын екі рет өте аз, солғын қызыл түсті жұғынды келді, енді бүгін яғный 09.08.18ж. бір рет қайталады, ішімде ауырады, оның əсері барма? Дəрігер ештеме айтпайды,

    1. Сәлем Гулсия! Сенде түсік қаупі бар сияқты ғой. Саған көп қозғалуға болмайды, жату керек. Ауыр заттарды көтеруге болмайды. Сонымен қатар, осындай кезде төсек қатынасқа тыйым салынады. Дәрігермен ақылдасу керек, қажет болса ол дәрілерді жазып береді

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*