Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары

Жүктілік күнтізбесі. Егер сіз, өз жүктілігіңіздің мерзімін білмесеңіз, оны мына калькулятор арқылы анықтап алуға болады.

Жүктіліктің алғашқы екі аптасы акушерлік практикада нағыз жүктілік болып есептелмейді.
Себебі, жүктіліктің 2-ші аптасында әлі де фолликул пісіп жетіліп жатады, ұрықтануға арналған аналық жасуша сәтті ұрықтануға дайындалады. Болашақта овуляцияның басталуы және сәтті ұрықтануы өткеннен кейін ғана нағыз жүктілік пайда болады. Сөйтіп, жүктіліктің алғашқы екі аптасы фолликулярлық фаза болып есептеледі, ол дегеніміз әйел нағыз жүкті болып есептелмейді.

Көптеген жағдайларда әйелдер нақты ұрықталу күнін білмейді, бірақ соңғы етеккір циклнің басталған күнін айтуы мүмкін. Осы кезден бастап, әдетте жүктіліктің есептелуі жүргізіледі. Көптеген әйелдер үшін ұрықтанудың (овуляция) ең ықтимал мезгілі – олардың етеккір циклнің ортасында болады, басқа сөзбен айтқанда келесі етеккірдің басталуына дейін екі апта бұрын. Осы күннен бастап (соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап) жүктілік 280 күн, немесе 40 апта бойы созылады. Сөйтіп, соңғы етеккірдің басталған күніне 280 күнды қосып, сіз босанатын күнді де болжамдай аласыз.

Мұндай жүктіліктің есептелуі, іштегі нәрестенің гестациондық жасын анықтайды. Осындай “күнтізбені” қолданып, дәрігерлер және медбикелер іштегі нәрестенің дамуын қадағалайды. Ал овуляциялық (немесе фертилизациялық) жас нақты ұрықтану күннен бастап есептеледі. Ол гестациондық жастан екі апта кем болады.

Дәрігерлердің көбісі жүктілікті аптамен есептейді. Мысалы, егер сізге дәрігер “сіздің жүктілігіңізге 10 апта болды” десе, онда ұрықтану 8 апта бұрын болды және сіз 30 аптадан кейін босануыңыз мүмкін деген сөз (себебі жүктіліктің жалпы мерзімі 40 апта).

Сонымен қатар, триместр деген ірі өлшеу бірлігі бар. Триместрлер жүктілік мезгілін үш фазаға бөледі. Ұзақтығы 13 апта болатын мұндай әр фаза, өзіне тән ерекшеліктеріне ие болады. Мысалы, түсіктер (өзінен-өзі түсіп қалуы) әдетте бірінші триместрде болады. Бұл, нәрестенің мүшелері тез қалыптасатын және дамитын кезеңі. Ал үшінші триместрде жүктілік кезінде болатын гипертонияның (көтерілген артериалдық қысым), токсемияның (қанда токсиндердің пайда болуы) және преэклампсияның (жүктілердің кешіктірілген токсикозы) пайда болуы ең ықтимал кезеңі.

Сонымен қатар, жаңадан бала көтерген келіншектер тағы пайдалы ақпаратты осы мақаладан оқи алады: жүктілік кезінде жыныстық қатынас.

#жүктілік, #жүктілік_апталары

Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары: 450 пікір

  1. Саламатсызба мен етеккірім кешіккеніне 6күн болды 12сі танертен ерте ештене ішпей тексергенде 2 сызық шығып тұрды бүгін 14і тексеріп едім обедтен кейін 1сызық сонда көтердімба жоқпа

  2. Саламатсыздар ба?Мен соңғы етеккирим 1 желтоқсан келді.Содан кешіккен соң тестпен тексердім.екі сызық.Көптен күткен едік.Енді осы 13 де қан келді қызыл болып, күйеуіммен де жақындаспадым,ауыр да көтермегем .Не үшін келгенін білмедім.Дереу гинекологқа қаралдық,Аллаға Шүкір жақсы.Бірақ ішім ысып тұратындай.Бір үлкен сроктағыдай ақырын қозғаламын.Жаңадан 1 ай ғой.ишим тирелип тұрғандай бала.Сұрайын дегенім токсикоз жоқ менде,мүлдем жүрек айну бас айналу жоқ.Бірақ гин. Узида 4-5 апта бала бар екенін жане жүрек соғысы али кішкентай дейді.Сонда қанша аптада соғады?

    1. Куттыктаймын! Баланын журеги 4нши аптадан бастап согады. ягни 1 ай болганда

  3. Месячныйым келуге ерте 10кун калганда розовый акты су сиякты месячный га уксамайды ол неге

  4. Мен коптен кутип журген бакытка кол жетти деп ойладым.куйеуимиз екеумиз зак куттик.жер ауыстырып шымкенттен астанага келдик.бир айдан сон етеккирим кешигип тест алдым.цикл уже 35 кунге созылды содан шыдамай тексердим екинши сызык алсин шыкты бырак шыкканына куандым,алдындары шыкпайтында.содан куйеуим екеумиз куанып жан жакка айтып суйнши сурап жургенде 4 куннен кейн кан корип келип калды.соны тусинбедим.россиялые бир кисимен коментарияда сойлескенде ол биохимиялык тусик дегендей болды тусинбедим.

  5. Саламатсызба менин сурайын дегеним наурыз айында етеккирим 3и келип 6ы кеткен апрель айы келмеди кутип журмин сурайын дегеним куана берсем болама коптен куткен баламыз еди тест коруге журексинип журмин тагы болмай калама деп

Добавить комментарий для Айша Отменить ответ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*