Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары

Жүктілік күнтізбесі. Егер сіз, өз жүктілігіңіздің мерзімін білмесеңіз, оны мына калькулятор арқылы анықтап алуға болады.

Жүктіліктің алғашқы екі аптасы акушерлік практикада нағыз жүктілік болып есептелмейді.
Себебі, жүктіліктің 2-ші аптасында әлі де фолликул пісіп жетіліп жатады, ұрықтануға арналған аналық жасуша сәтті ұрықтануға дайындалады. Болашақта овуляцияның басталуы және сәтті ұрықтануы өткеннен кейін ғана нағыз жүктілік пайда болады. Сөйтіп, жүктіліктің алғашқы екі аптасы фолликулярлық фаза болып есептеледі, ол дегеніміз әйел нағыз жүкті болып есептелмейді.

Көптеген жағдайларда әйелдер нақты ұрықталу күнін білмейді, бірақ соңғы етеккір циклнің басталған күнін айтуы мүмкін. Осы кезден бастап, әдетте жүктіліктің есептелуі жүргізіледі. Көптеген әйелдер үшін ұрықтанудың (овуляция) ең ықтимал мезгілі – олардың етеккір циклнің ортасында болады, басқа сөзбен айтқанда келесі етеккірдің басталуына дейін екі апта бұрын. Осы күннен бастап (соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап) жүктілік 280 күн, немесе 40 апта бойы созылады. Сөйтіп, соңғы етеккірдің басталған күніне 280 күнды қосып, сіз босанатын күнді де болжамдай аласыз.

Мұндай жүктіліктің есептелуі, іштегі нәрестенің гестациондық жасын анықтайды. Осындай “күнтізбені” қолданып, дәрігерлер және медбикелер іштегі нәрестенің дамуын қадағалайды. Ал овуляциялық (немесе фертилизациялық) жас нақты ұрықтану күннен бастап есептеледі. Ол гестациондық жастан екі апта кем болады.

Дәрігерлердің көбісі жүктілікті аптамен есептейді. Мысалы, егер сізге дәрігер “сіздің жүктілігіңізге 10 апта болды” десе, онда ұрықтану 8 апта бұрын болды және сіз 30 аптадан кейін босануыңыз мүмкін деген сөз (себебі жүктіліктің жалпы мерзімі 40 апта).

Сонымен қатар, триместр деген ірі өлшеу бірлігі бар. Триместрлер жүктілік мезгілін үш фазаға бөледі. Ұзақтығы 13 апта болатын мұндай әр фаза, өзіне тән ерекшеліктеріне ие болады. Мысалы, түсіктер (өзінен-өзі түсіп қалуы) әдетте бірінші триместрде болады. Бұл, нәрестенің мүшелері тез қалыптасатын және дамитын кезеңі. Ал үшінші триместрде жүктілік кезінде болатын гипертонияның (көтерілген артериалдық қысым), токсемияның (қанда токсиндердің пайда болуы) және преэклампсияның (жүктілердің кешіктірілген токсикозы) пайда болуы ең ықтимал кезеңі.

Сонымен қатар, жаңадан бала көтерген келіншектер тағы пайдалы ақпаратты осы мақаладан оқи алады: жүктілік кезінде жыныстық қатынас.

#жүктілік, #жүктілік_апталары

Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары: 457 пікір

  1. екi апталық жүктілік кандай болады және әйел адамга сезіледі ме, екi апталық етек кiрмен түсіп калуы мүмкін бе??

    1. Салеметсизбе? Мен турмыска шыкканыма 1жыл болды. Котере алмай журмин. Етеккирим февральдын 10на келген казир апрельдин 24але жок. Осы айдын 12не тест на овуляция коргем еки полоска шыкты. Но анда санда коныр болып прокладкам былганып турады. Ауыр жумыс истесем, катты ашулансем ишим катты ауырады. Биракта узиде де, жуктиликке арналган тесттенде ештеме шыкпады. Узи матка таза. Еттеккир келетиндей болып турган жок дит.

      1. Сәлем Балауса. Жүктілікті анықтайтын тест алып көр, сосын саған гинеколог дәрігермен ақылдасу керек

        1. Салеметсизбе?! Сурайын дегеним менин белим 02.05.куни бузылды 06.05 куни тазардым. 8 не куйеуиммен косылдым бугин 24 мамыр кызыл коныр жагылып жатыр. Неге Олай? Бурын сонды булай болмаган еди етекирим ровно уакытында келетин. Жауап бере аласызба

    2. Салем етеккир уакытынан асып кетти али келген жок бирак коныр тусти виделениие келп тур аз аздан ол нени билдирет

  2. акушерлік практикада жүктілік соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап есептеледі, сондықтан сіз бұл мерзімде (екі аптада) бала көтергеніңізді әлі біле алмайсыз. Жүктілігіңізді тек келесі етеккір келмеген жағдайда ғана тексеруге болады.

    1. Саламатсыздарма?!Менин етеккірім 12 февральда келді 5 кун.Мен 24 не косылдым.Овуляция куніне сəйкеспа осы күн?Мен котерлімба біле алмай отырмын кіші дəретім жиі болатын болды.

      1. Сәлем Тоты. Овуляция әр әйелде әрқалай болады. Көтергеніңді нақты тек осы наурызда етеккірің келмеген кезде ғана тестпен білуге болады.

        1. Салеметсизбе?менин сизге кояр сурагым бар еди….менде сонгы етеккир 14 акпанда болды .Акпан айында 28 кун болгандыктан мен есептеп корип наурыз айынын 16нан бастап тест жасадым.билинер билинбес 2 ши сызыгы коринди…содан арага 4 5 кун салып тагыда 4 5 рет тест жасап тастадым сол арада…2 сызык кызарып анык коринип турды бирак бир апта бойы белим буйрегиммен коса ауырып журмин.кунделикти уйдин тирлигин жасап журмин…осы 2 кун болды амтымнан етеккирдин сонгы кунинде тазарасынгой соган уксап коныр кызгыш суйыктын аз аздан даретке отканымда келип жатыр…бугин наурыздын 30 да гинеколог карап мени узига тусирди….Узида без эмбриона деп корсетилди….маган. 7 -10 куннен сон кайта узига тусуди кенес берди…сизге булай жазып жаткан себебим…тула бойымды урей басып мазам кетти…узига тускеннен сонда тест карадым 2 сызык шыгып тур…маган нестеуге болады….баламнын аман калуы мумкинбе?

          1. Сәлем Гулнур. Етеккірің келмесе, онда бала аман қалуы да мүмкін…. бірақ оны нақты тек УЗИ көрсетіп береді. Қатты уайымдама. Осындай жағдайда, астыңнан қан аралас немесе қоңыр бөлінділер шығып жатса тез арада гинекологқа көрінуің тиіс, ол түсік қаупін алдын алудың кеңестерін береді, сосын көп қимылдауға болмайды (әсіресе ауыр заттарды көтеруге болмайды), жату керек.

          2. Рахмет…..сизге коптен коп.
            Мен бугин уй жинаймын деп кызымнын краватын козгалтып едимастым булингендей болды…карасам кадимги канды кордим….суйтип ештене истемей үстел де отырып…жылап алдым неге булай киналып кеттим деп…узига тускенде эмбрионды коринбиди деди..матка без эмбриона деп берди….гинекологка хабар жазсам…скорый шакырып тазарсайшы деди…..менде катты кан келип турган жок…..тек жана ауыр затты козгалтам деп кан коринди….айтпесе еки куннен бери нагыз канды корип жаткан жокпын..маткамда бурип ауыртып иртик кан келип турган жок мулде…аз аздан коныр болиндилер кызгылт коныршыл мусор сиякты болды…бугин гана кадимги кан келип коркынышым одан сайын болды….егер маткада бурын кишкене самалдау болса осылай коныр кызгылт кан келедима көтерген сонда? Кейбир жагдайларда эмбрионнын срогы кишкентай болса…ол узидан коринема жокпа осыны сурагйын деп едим сизден?

            1. өкінішке орай оны нақты айта алмаймын

    2. Сәлем мен жүктімін, екіншіме. Соңгы етеккірім 25.03.17 келді. Майдың 29 на узиға түссем 5 апталық жүктілік дейди, ал врачым 8 аптадан асқан дейді. Қайсысы дурыс?

  3. салем кыздар! Менде алдынғы айда етеккирим 2 рет келді, айдын басында 4-не келді, аягында 26-на келди? енди осы желтоксан айында 12 не шамалап кан жугып тур? ол ненин белгісі? Есептесем али етеккир уакыты келген жок? алгашкы жуктиликте осындай боладыма? Алде овуляция уакытыма?

  4. Салеметсизба мен февраль айында котерсем дебедим етеккирим ар айдын 5де келеди январдын овуляциясында косылсам кай кезде котерген болам жауап жазынызшы рахмет.

    1. Сәлем Гуля. Егер сіз, қаңтар айында овуляция кезін біліп, сол уақытта жарыңызбен қосылатын болсаңыз, және де ақпан айында етеккіріңіз өз уақытысында келмесе көтеруіңіз әбден мүмкін!

  5. Сəлеметсізбе? Менің етеккірім алдыңғы айдың 26 да келген еді.Желтоқсан айында келмейді,тест жасап көрдім бірақ шықпады.Тағы басқа жолы бар ма?Тексеріп көретін?

    1. Салем Құралай! Мүмкін қолыңызға жарамсыз тест түскен шығар? Тағы бір тексеріп көріңіз. Егер ол да жүктілікті көрсетпесе, етеккіріңіз міндетті түрде келеді (етеккір кешігіп келе береді)

  6. Сәләматсызба мен қыз босанғым келеді күнтұзбе тұзіп бере алсызба жасым 1989 ноябрь

    1. Сәлем Гуля! Менің ойымша болашақ баланың жынысын ешқандай күнтізбе анықтап бермейді. Ол тек Алланың қолында…

  7. Сәлеметсіз бе менің етеккірім желтоқсанның 12 де келген еді осы айдың 10 11 де келуі керек еді бірақ келген жок мен тест көрдім 2 сызық шыкты менің ішімдегі бала қанша апталық болады сонда

  8. Салеметсізбе менің етеккірім желтоксаннын 10ы кетті январь айында келмеді тест көрдім 1сызык көрсетіп тұр

    1. Сәлем Арай! Мүмкін қолыңа жарамсыз тест түскен шығар? тағы тексеріп көр, болмаса етеккірің кешігіп келеді

      1. сәлеметсізбе? мен марттың 19на қосылған едім, ал етекірім 22не келуі керек еді,әлі жоқ. ішімде бірдеме бардай сезінемін өзімді. жүрегім айныйды духидан жане тб. бугин тексерсғм бір сызық. мен жүктімінбе қалай?

  9. Мен тұрмысқа шыққаныма 2 айдан асты.соңғы етекірім желтоқсан айында келген.25.12 күні бітті.ал 27.12 күні мен тест тексерсем 2 сызық көрсетіп тұр.бұдан кейін де бірнеше рет тексердім 2 сызық көрсетіп тұр.18.01 күні қан сияқты бір нәрсе жұғып қалыпты.ол етекір болуы мүмкінбе?

    1. Сәлем Гүлім! Саған дәрігерге көріну керек. Түсік қаупі (угроза) бар сияқты.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*