Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары

Жүктілік күнтізбесі. Егер сіз, өз жүктілігіңіздің мерзімін білмесеңіз, оны мына калькулятор арқылы анықтап алуға болады.

Жүктіліктің алғашқы екі аптасы акушерлік практикада нағыз жүктілік болып есептелмейді.
Себебі, жүктіліктің 2-ші аптасында әлі де фолликул пісіп жетіліп жатады, ұрықтануға арналған аналық жасуша сәтті ұрықтануға дайындалады. Болашақта овуляцияның басталуы және сәтті ұрықтануы өткеннен кейін ғана нағыз жүктілік пайда болады. Сөйтіп, жүктіліктің алғашқы екі аптасы фолликулярлық фаза болып есептеледі, ол дегеніміз әйел нағыз жүкті болып есептелмейді.

Көптеген жағдайларда әйелдер нақты ұрықталу күнін білмейді, бірақ соңғы етеккір циклнің басталған күнін айтуы мүмкін. Осы кезден бастап, әдетте жүктіліктің есептелуі жүргізіледі. Көптеген әйелдер үшін ұрықтанудың (овуляция) ең ықтимал мезгілі – олардың етеккір циклнің ортасында болады, басқа сөзбен айтқанда келесі етеккірдің басталуына дейін екі апта бұрын. Осы күннен бастап (соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап) жүктілік 280 күн, немесе 40 апта бойы созылады. Сөйтіп, соңғы етеккірдің басталған күніне 280 күнды қосып, сіз босанатын күнді де болжамдай аласыз.

Мұндай жүктіліктің есептелуі, іштегі нәрестенің гестациондық жасын анықтайды. Осындай “күнтізбені” қолданып, дәрігерлер және медбикелер іштегі нәрестенің дамуын қадағалайды. Ал овуляциялық (немесе фертилизациялық) жас нақты ұрықтану күннен бастап есептеледі. Ол гестациондық жастан екі апта кем болады.

Дәрігерлердің көбісі жүктілікті аптамен есептейді. Мысалы, егер сізге дәрігер “сіздің жүктілігіңізге 10 апта болды” десе, онда ұрықтану 8 апта бұрын болды және сіз 30 аптадан кейін босануыңыз мүмкін деген сөз (себебі жүктіліктің жалпы мерзімі 40 апта).

Сонымен қатар, триместр деген ірі өлшеу бірлігі бар. Триместрлер жүктілік мезгілін үш фазаға бөледі. Ұзақтығы 13 апта болатын мұндай әр фаза, өзіне тән ерекшеліктеріне ие болады. Мысалы, түсіктер (өзінен-өзі түсіп қалуы) әдетте бірінші триместрде болады. Бұл, нәрестенің мүшелері тез қалыптасатын және дамитын кезеңі. Ал үшінші триместрде жүктілік кезінде болатын гипертонияның (көтерілген артериалдық қысым), токсемияның (қанда токсиндердің пайда болуы) және преэклампсияның (жүктілердің кешіктірілген токсикозы) пайда болуы ең ықтимал кезеңі.

Сонымен қатар, жаңадан бала көтерген келіншектер тағы пайдалы ақпаратты осы мақаладан оқи алады: жүктілік кезінде жыныстық қатынас.

#жүктілік, #жүктілік_апталары

Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары: 457 пікір

  1. Салеметсізбе?менің аяғым ауыр 10-11апта бугін қан аралас виделение келді не істесем болады тіркеуге канша апталыкта турады?

  2. Сәлеметсізбе менің етеккірім үш күн кешігіп келді? Бала көтеріп кетуім мүмкінбе? етеккір уақытында тест салуға болама? ешқандай кедергі болмайма

  3. Мен жігітімен жатып қойдым. Ертесіне ішім желденіп ауырды. Келесі күні етеккірім келді 2 күннен соң тоқтады. Ай сайын етеккірім 3 кун келетін. Енді мені мазалайтын нәрсе кіндік тұсым ауырады. Кіндік тұсымды басқанда жүрек соғатын сияқты. Бұл 3-4апта аралығында болған. Мен қорқам жүкті емеспін ба. Және виделение көп келеді. Иісі де бар. Неге бұлай болуы мүмкін. Кімнен көмек сурарымды білмей осында жаздым. Көмектесіңіздерші.

    1. Сәлем Айдана. Жүктілігіңді тест арқылы анықтауға болады. Ал астыңнан шыққан бөлінділер ол мүмкін «молочница» немесе басқа аурулардың бар болуының көрсеткіші. Кеңесім, дәрігерге барып, мазок тапсырып анықтауға.

  4. Сәлеметсізбе менің етекірім 16 келді 21 тоқтады овуляция 27 28 29 косылдык тестпен тексеріп көрдім отрицательно шыкты Жуктилик канша куннен кеин белгили болады

  5. Салеметсиздерме
    Мен етеккирим январьдин 5 келди 10 кетти одан кейн мен төсек катынасында болдым 14 январь куни
    Ендиги мәселе Менде осы февральда етеккир али келмеди бугин 12 февраль
    Осы уакыт аралығында жукти болуым мумкин бе?

    1. Сәлем Асем. Көтеруің әбден мүмкін. Тест алып тексеруіңе болады.

  6. мен 19январьда төсек катынасында болдым. Месячный 28.01.18 — 02.02.18ж келуі керек болатын бірақ келмеді. Енді журегим айниды уйкым келетин сияқты əлсіз болып кеттим

  7. Сәлеметсізбе.Мен жігітіммен 2 ші ақпан күні болдым.Бүгін 20 сы.Осы уақыттың ішінде жүктіліктің белгілері болуы мүмкінбе?Озімнің тыныс алуым қиындап омырауым ұшы ауырып жүр.Етеккірім келетін уақытты күтіп жүрмін.Одан бұрын біле аламынба?Өзім қатты уайымдағаннанба ішімде бір нарсе бар сияқты сезем.

  8. Салем.менин етекиртм 6кунге кешгип жатыр жигитинмен14.02 косылгам.тест алгам 2сызык шыкты 10мин сон 1сызык тур.калай ? жуктиминбе?

    1. Сәлем Айдана. Екінші тестін жарамсыз болып қалған шығар

  9. Салеметсизбе. Мен тест салганда 2сызык болды енди аздап Кан келип жур

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*