Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары

Жүктілік күнтізбесі. Егер сіз, өз жүктілігіңіздің мерзімін білмесеңіз, оны мына калькулятор арқылы анықтап алуға болады.

Жүктіліктің алғашқы екі аптасы акушерлік практикада нағыз жүктілік болып есептелмейді.
Себебі, жүктіліктің 2-ші аптасында әлі де фолликул пісіп жетіліп жатады, ұрықтануға арналған аналық жасуша сәтті ұрықтануға дайындалады. Болашақта овуляцияның басталуы және сәтті ұрықтануы өткеннен кейін ғана нағыз жүктілік пайда болады. Сөйтіп, жүктіліктің алғашқы екі аптасы фолликулярлық фаза болып есептеледі, ол дегеніміз әйел нағыз жүкті болып есептелмейді.

Көптеген жағдайларда әйелдер нақты ұрықталу күнін білмейді, бірақ соңғы етеккір циклнің басталған күнін айтуы мүмкін. Осы кезден бастап, әдетте жүктіліктің есептелуі жүргізіледі. Көптеген әйелдер үшін ұрықтанудың (овуляция) ең ықтимал мезгілі – олардың етеккір циклнің ортасында болады, басқа сөзбен айтқанда келесі етеккірдің басталуына дейін екі апта бұрын. Осы күннен бастап (соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап) жүктілік 280 күн, немесе 40 апта бойы созылады. Сөйтіп, соңғы етеккірдің басталған күніне 280 күнды қосып, сіз босанатын күнді де болжамдай аласыз.

Мұндай жүктіліктің есептелуі, іштегі нәрестенің гестациондық жасын анықтайды. Осындай “күнтізбені” қолданып, дәрігерлер және медбикелер іштегі нәрестенің дамуын қадағалайды. Ал овуляциялық (немесе фертилизациялық) жас нақты ұрықтану күннен бастап есептеледі. Ол гестациондық жастан екі апта кем болады.

Дәрігерлердің көбісі жүктілікті аптамен есептейді. Мысалы, егер сізге дәрігер “сіздің жүктілігіңізге 10 апта болды” десе, онда ұрықтану 8 апта бұрын болды және сіз 30 аптадан кейін босануыңыз мүмкін деген сөз (себебі жүктіліктің жалпы мерзімі 40 апта).

Сонымен қатар, триместр деген ірі өлшеу бірлігі бар. Триместрлер жүктілік мезгілін үш фазаға бөледі. Ұзақтығы 13 апта болатын мұндай әр фаза, өзіне тән ерекшеліктеріне ие болады. Мысалы, түсіктер (өзінен-өзі түсіп қалуы) әдетте бірінші триместрде болады. Бұл, нәрестенің мүшелері тез қалыптасатын және дамитын кезеңі. Ал үшінші триместрде жүктілік кезінде болатын гипертонияның (көтерілген артериалдық қысым), токсемияның (қанда токсиндердің пайда болуы) және преэклампсияның (жүктілердің кешіктірілген токсикозы) пайда болуы ең ықтимал кезеңі.

Сонымен қатар, жаңадан бала көтерген келіншектер тағы пайдалы ақпаратты осы мақаладан оқи алады: жүктілік кезінде жыныстық қатынас.

#жүктілік, #жүктілік_апталары

Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары: 457 пікір

  1. саламатсызба тест пайдаландым бир стелка шыкты ол не екен

  2. САЛАМАЬСЫЗБА МЕНДЕ КАРАША АЙЫНЫН 20НАН БАСТАП ЕТЕККИР ЖОК КЕЛМЕДИ .АЛГАШКЫ КЕЗДЕ КУСУ БОЛГАН бирак узи мен тест корсетпеит баланы .енди не истеуге болады

    1. Сәлем Айка. Тест бір сызық көрсетіп тұрса, етеккірің кешігіп келеді

  3. Салеметсизбе! Мен турмыстамын.Менин месячныйым 3кун болды кешигип жатыр. Бурын кешикпейтин уакытымен келетин. Жалобы жатырымнын тусы ауырады, тамакка аппитет оте жаксы,жане бас айналу. Тест салсам 1сызык шыгып тур.

    1. Сәлем Айдана. Тест бір сызық көрсетсе, етеккірің кешігіп келеді. Күмәнің болса, тағы бір рет тест алып тексерілуіңе болады

  4. Менің температуратурам көтеріліп, басым айналады, тамаққа апетит мүлдем жоқ, толька су ішіп жүремін, 3 күн болды солай боп жүргеніме мен жүкті емеспін ба??? И тағы ішім өтіп жүр

  5. Тестте лнша анык емес канша апта болуы мумкин отиниш аитынызшы

  6. Салеметсизбе мен турмыстамын.менин етеккирим 10да келу керек еди 15и тест алп кордим еки сызык сенбегендиктен 5еу алдым баринде еки сызык шыкты бул жукти екенимди билдирема али сене алмай журмин.бирак куык белим тунде уйктарда катты ауырады ол не ушин.тамак жесем журегим айниды.алсиреп уйктай бергим келеди

  7. Менің етеккірімнің келмегеніне 12 күн болды. тест 3 рет қарадым, 1 қарауымда — әлсіз екінші сызық білінді, 2 қарауымда — екінші сызық бірінші қараған кездегімнен анықтау білінді, бірақ ап-анық емес, бірақ көзге көрініп тұр. кеше қымбат тест алып қарадым екінші сызық шықпады. бұл сонда нені білдіреді?

  8. Сәлеметсіз бе менин аяғым ауыр 3апта болды. Енді соны алдыртуым керек. Күйеу им каламайды. Не стесем болады. Озимнин жагдайым орта. Бул менин 4жуктилигим. Акыл кеңес берулеріңізді сұраймын.

  9. Саламатсызба??? Менің етеккірім кешігіп жатыр осы айдың 12де келу керек еді келмеді. Тест алдым 2ші сызык ашық шықты. 3кун откен сон тағы алдым 2ші сызық кызылдау болып шықты алдынғысына қарағанда. Бірак менде журек айну ондай ештенке болып жатқан жок.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*