Жүктіліктің 3-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 1 апта болды.

Сіз өзіңізде ешқандай өзгерістерді әлі байқамайсыз. Әлі ерте! Бұл кезеңде кейбір әйелдер тіпті жүкті болғанынын да білмейді.

Айына бір рет, екі етеккірдің аралығында, аналық бездерден бір аналық жасуша босап шығып, фаллоптық қос түтіктің біреуіне түсіп, сол арқылы жатыр қуысына өтеді. Егер осы кезден сәл бұрын әйел жыныстық қатынасқа түскен болса, аналық жасуша аталық жасушамен қосылып, әйелдің бойына бала бітуі мүмкін. Аналық және аталық жасушалар қосылғанда жаңа тіршілік иесінің ең алғашқы жасушасы пайда болады. Бұл қосылу (яғни «ұрықтану») фаллоптық қос түтіктің бірінде жүзеге асады. Ұрықтанған жасуша осыдан кейінгі 3–4 күннің ішінде түтік арқылы жылжи отырып, жатырға өтеді де, оның қабырғасына бекінеді. Ұрықтанғаннан кейінгі 8 аптаны ұрықтық (эмбриондық) кезең деп атайды, ал нәресте ұрық (эмбрион) деп те аталады. Осы уақыттың ішінде алғашқыда жалғыз ғана жасушадан тұрған ұрық дамып, дене мүшелері, сүйек қаңқасы, ми мен жүйке жүйесі сияқты негізгі ағзалары анық байқалатын организмге айналады.

Кім туылады, ұл ма, әлде қыз ба?

Сіздің болашақ балаңыздың жыныстық қатынасын аналық жасушаны (аналық жасушалар тек Х-хромосомды болады) ұрықтандырған сперматозоидтың (аталық немесе аналық) түріне байланысты болады: Y-хромосомы бар тасымалдаушысы ұлды тудырады, ал Х-хромосомы бар тасымалдаушысы – қызды.

Аталық және аналық хромосомалардың бірігуінің нәтижесінде ХХ хромосомалар жиынтығы бар қыз немесе XY хромосомалар жиынтығынан тұратын ұл ұрықтануы мүмкін.

Жүктіліктің 3-ші аптасы: 4 пікір

  1. Жүктілігім 3апта 5күндік узиге түссем матка таза астым бәрі таза жүктілік жооқ. бірақ 2сызық шығып тұр жеріктік тәбет бар.узиде қанша аптада көрсетеді қоңыр виделения 1жарым аптадан бері келіп жүр.

  2. Саламатсыздар ма менин етекирим. 3 01 2020жыл келд келетин уакытына байланысты али кешигип жатр тестпен тексергенимде 2 сызык шыкты.ишимнен томен жагым ауырып жатр коныр веделения келип жатр не истесем болады

    1. Гинеколог қа барыңыз. Витаминдер көп жениз, витамини бар дарилер ишиниз фолиевая кислота ишуге болады

  3. Салеметсизбе менде 5апта болды.Менде катты кан кетти бирак 2сызык болып тур

Добавить комментарий для Назира Отменить ответ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*