Майлы бет терісіне арналған маскаларды үйде дайындау

Төменде келтірілген рецепттер бет терісін безеулерден, қара нүктелерден тазартады. Олардың нәтижелілігі салондағы немесе қымбатқа сатып алынатын маскалардан әлдеқайда жақсы, әрі арзан. Бірақ масканы аптасына тек 2 рет қолдануға болады. Сонымен бастайық!

№1 рецепт

  1. Бетіңізді әдеттегідей жуасыз.
  2. Қоспаны дайындау үшін қырынуға арналған көбіктің бір ас қасығын, жарты шәй қасық ас содасымен жақсылап араластырасыз.
  3. Кастрюльде суды қайнатып, оған кептірілген бір уыс түймедақ гүлдерін саласыз. Кастрюльді үстелге қойып, орамалмен жамылып бетіңізді буға 5-7 минут ұстау керек.
  4. Дайындаған қоспаны көз бен ауызыңызға тигізбей бетке жағасыз.
  5. Ваннаға барып, ыстық суды ашасыз. Жұмсақ тіс щетканы қолданып, оны ыстық суға салып отырып, бетіңізді ақырын ғана ысқылап тазалау керек.
  6. Бетіңізді жылы сумен шайып жіберіңіз.

№2 рецепт

Сізге қажет болады:

— 2 ас қасық ұсақталған сұлы жармасы;

— 1 шәй қасық ас содасы;

— 1 ас қасық лимон шырыны;

— біздің қоспамыздың консистенциясы қою қаймақтай болу үшін аз ғана айран қосамыз.

Тазартылған бетке масканы жағасыз да, 10 минуттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз.

Майлы бет терісіне арналған маскаларды үйде дайындау: 1 пікір

Добавить комментарий для Бекжан Отменить ответ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*