Аспирин – мінсіз бет терісінің көмекшісі

Аспирин – бұл ацетилсалицил қышқылы. Бұл қышқылды кез келген дәріханадан сатып алуға болады. Әдетте оны бас ауруын, дене қызуын басуда қолданады. Бірақ оны бет терісінің күтімінде де қолдануға болады. Төменде аспирин көмегімен бет терісін безеулерден тазартуға көмектесетін маскалардың рецепттері келтірілген. Бірақ бұл масканы аптасына тек 2 рет қолдануға болады.

Рецепт №1
Сізге қажет болады:

  • аспириннің 4 таблеткасы;
  • су 2-3 тамшы;
  • бал 1 шәй қасық.

Дайындау және қолдану тәсілі:

Аспиринді суда езіп, бал қосып, ботқа тәріздес болғанша араластырасыз.

Массажды қимылымен бетіңізге жағыңыз. 20 минут күтіп, содан соң бетіңізді жылы сумен шайып жуыңыз.
Рецепт №2

Аспириннің 3 таблеткаларын бетке арналған лосьонмен бірге араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минуттай ұстаңыз. Содан соң жылы сумен шайып жуыңыз.
Рецепт №3

Сізге қажет болады:

  • аспириннің 6 таблеткасы;
  • лимон шырыны;
  • ас содасы 1 шәй қасық.

Дайындау және қолдану тәсілі:

Аспиринді ұнтақтап, оған аз ғана лимон шырынын қосып араластырасыз. Бетіңізге жағып, 10 минуттай ұстайсыз.  Суға ас содасын ерітіп, сол сумен бетіңізді шайып жуасыз.

Рецепт №4

Сізге қажет болады:

  • аспириннің 2 таблеткасы;
  • су 2-3 тамшы;
  • қоспасыз йогурт 1 ас қасық.

Аспириннің 2 таблеткасын сумен араластырып, содан соң йогуртты қосып, бетке жағыңыз. 20-30 минут ұстау керек, содан кейін жылы сумен шайып жуыңыз.

Рецепт №5

Егер сізде безеулер ісініп, қызарса, аспиринді суда ботқа етіп езіп, бүкіл бетке емес тек қызарған безеулерге жағуға болады. Оны 20- 30 минут ұстап, кейін шайып жіберіңіз.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*