Махаббатты сақтаудың ғылыми тәсілі, 100% кепілдік!

Көптеген психолгтардың кеңесі бойынша «уақытты бірге көбірек өткізу» пайдасы жоқ екенін Артур Арон психолог дәлелдеген. Оның орнына революциялық және шынымен де жұмыс істейтін басқа тәсіл тапты.

Артур Арон америкалық психолог, ол өзінің «36 сұрақ» (оның көмегімен кездейсоқ адамға ғашық болу және оны өзіне ғашық болғызу) деген жұмысымен ғана танымал емес. Ол нағыз ғалым, ол махабаттың психологиялық феноменін зерттейді. «36 сұрақтан кейін ғашық болу» тәжірибесі жиырма жыл бұрын өткізілген болатын, бірақ әлі де таң қалдырады. Бірақ ғашық болу оңай, ал екі адамның арасындағы сезімді он шақты жылдардан кейін жоғалтпау шынымен де осы қызық.

Осы сұраққа Артур Аронда өте қызық жауабы бар.

 

Жеке тұлғалықты кеңейту: негізгі түйсік

Арон жеке тұлғалықты үздіксіз кеңейту теорияны ұстанады. Ол дегеніміз, біздің тұлғамыз жаңа білімге, тәжірибеге және әсерлерге ие болып, үнемі көлемде өскісі келеді. Романның болуы немесе біреуге ғашық болу жеке тұлғалықтың кеңеюінің жақсы тәсілі болып табылады. Сүйікті жары арқылы адамның жеке тұлғалығы лезде кеңейтіледі – жаңа иістер, жаңа сезімдер, жаңа білім, достар. Сонымен қатар, әлбетте бұл екіжақтылық процесс, жарының да жеке тұлғалығы кеңейтіледі. Айтпақшы, бұл ажырасудың себептерінің бірі болып табылады – мұнда жеке тұлғалықтың кеңеюдің орнына кемітілуі, компрессия байқалады. Біз «ықшамдаламыз», ал психика үшін бұл өте зақымды процесс.

Бұл теория ұзақ қатынастағы жұптардың өзара қанағаттанудың төмендеуі түсіндіріледі. Жұптар таң атқанша күліп, құпиялармен, дағдылармен бөлісіп отыратын өзара кеңейтулідің алғашқы ғажайып кезеңі өтіп кетті (әдетте ол алты айдан екі жылға дейін созылады). Содан кейін жұп бір-бірін жақсы танып және де тұлғалық кеңейтілуі тоқтатылады.

Кейбір жағдайларда балалардың пайда болуы көмектеседі – бұл да сананың кеңейтілуіне көмектеседі. Балалар өсіп, үнемі өзгеруде, әлемді тани бастайды – бізде соларменен бірге өзгереміз. Бірақ көптеген жұптар үшін баланың қызығын қызықтау жеткіліксіз.

 

Адамгершілікті тәжірибелер

Ұзақ қатынастарға байланысты Арон өзінің әріптестерімен бірнеше өте қызық тәжірибелер өткізді. Ол орта жастағы үйленген 53 жұптарды алып, аптасына бір жарым сағаттай уақытын алатын белгілі бір жаттығуларды он апта бойы орындауға көндірді. Осы жұптардың үштен бір бөлігіне белсенді демалысты (шаңғы, жорыққа шығу, концерттер, биге қатысу) таңдауды ұсынды. Екінші топ «жағымды», бірақ жайлы әрекеттермен шұғылдану керек болды: қонаққа, кино, мейрамханаларға бару. Ал үшінші топ ештеңемен айналыспады. Некемен қанағат болудың деңгейі, белсенді демалыс түрлерімен айналысқандарында болғаны анықталды.

Өте нақты және жете бақылауда болған тәжірибе зертханада өткізілген болатын. Жұптардың жартысын әдеттегі істермен шұғылдандырды, мысалы үй шаруасыменен. Екінші жартысын әдеттен тыс және өте қызық нәрселермен шұғылдандырды: олардың білектерін және тобықтарын бір-біріне байлап, оларды ауыр емес бөшкені бастарымен итеріп және бөгеттерден өтіп жерде еңбектетті. Мұны белгілі бір уақыт мерзімде жасау керек еді. Әрі қарай стандартты тестілер көмегімен қатынастармен қанағаттанушылықтың деңгейін анықтады. Бірге басымен бөшкені итермелегендердің деңгейі, картопты бірге тазалағандарға қарағанда жоғары болды.

 

Картопты бірге тазалауда мән жоқ

Бұл теория – отбасылық психологтардың кеңесі бойынша уақытты көбірек бірге өткізу және үй шаруасымен бірге айналысу – дегендері бос сөз екеніне көз жеткізеді. «Егер қатынастар жеке тұлғалықтың өсіп-кеңейтілуіне жол бермесе, жұптардың бірге уақыт өткізуі – қатынастарға тек зиян әкеледі».

Доктор Арон жалықтыратын күнделікті жұмыстардан алшақ болуға кеңес береді. Әрине, жұптардың бәрі Эверестке шығып немес тау өзендерде жүзе алмайды. Бірақ қандай жағдайда болса да, әдеттегі бір мейрамханаға бара бермей түрлі мейрамханаларға бару керек. Әр демалыс күндері жаңа әуесқойлық істерді істеп көру керек, әртүрлі жұмыстармен шұғылдану керек, және де оны бірге істеу керек.

 

Дереккөз: www.pics.ru

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды.

*