Күйеуіңізді бала тәрбиесіне қалай тартуға болады

Менің балаларым дүниеге келгенге дейін олар маған өте қызықты болды, олардың туылуына жете дайындалдым. Бірақ, көбінесе 3 жасқа дейінгі балалар шынымен де ер адамдарға өте қызықты болмайды: оларға балаларды өсіру емес, оларды тәрбиелеу қызық. Оларға балаларды ойнатқаннан гөрі, балаларға өнегелі ұстаз болғаны ұнайды. Ия, осындай кезде олардың көмегі аз тиеді және де жас әкені қайта-қайта жазғыра берсеңіз, ол баладан одан да алшақ ұстанады. Ал егер ақылды әйел – күйеуінің баламен жиі айналыспаса да, бірақ әйеліне қарағанда ол дана басшылығын көрсете білуінің, жылауын тез тоқтататынын және баланың еркелігіне жол бермеуінің қабілеттілігін баса айтса, күйеуі бала тәрбиесімен тезірек айналысқысы келеді.

Егер күйеуінің баланың тәрбиесіне қатысқысы келмесе, көбінесе оның себебі балаға қатынасы емес, әйелімен қатынасы болып табылады. Қымбатты жандар, сіздер өз күйеулеріңізге нағыз серік жан бола алдыңыз ба? Екеулеріңіз жиі, жылы әңгімелесесіздер ме? Қарым-қатынастарыңыз жылы ма? Күйеуімен керемет қарым-қатынастарында болып тұрып, оның баланың тәрбиесімен айналысқысы келмейтініне сенбеймін.

Өкінішке орай, жағдай одан да қиын болуы мүмкін. Әйел құрсақ көтергеннен бастап, оның бар көңілі өзіне және болашақ баласына аударылады. Оған қоса босанғаннан кейін жұбайына тіпті қарамайды. Енді бәрі балаға бағынып, жұбайы отбасы қожайыны атағынан айырылады, оған қоса оны сынға алады: “Бала қарауды білмейсің! Қалай оны ұстап тұрсың?”. Оны шеттетіп және сынға алғаннан кейін, наразылық білдіріп одан бала қарауды талап етесіздер. Мұндай өкпелі ер адам баласымен айналыспайды. Әрине, салмақты және беделді ер адам мұндай ағаттықтарға жол бермейді, ол әйелін орнына қойып, дұрыс қарым-қатынастарды орнатуға тырысады, бірақ мұндай ер адамдар аз. Сондықтан, қаншалықты қиын болғанымен, әйел адамның міндеті тек балаға емес, жұбайына да көңіл бөлу болып табылады. Тек осындай жағдайда ғана ер адам отбасының қамын ойлайды. Жарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз, ол отбасының отағасы екенін жиі айтып тұрыңыз. Одан көмек сұраңыз: “Тыңдашы, сенің балаңның нағыз ер азаматтың тәрбиесін алғанын қалаймын. Маған көмектесесің бе? Мұны тек ер азамат қана бере алады. Сенсіз ол менің қолымнан келмейді.” Ия, мұндай жанға жайлы сөздерді естіп, жұбайыңыз міндетті түрде өз балаларының тәрбиесімен айналыса бастайды.

Баланың қызығушылығы болғанда ғана бала ойнайды. Ер адамдар дәл сондай балалар сияқты, олар өздерінің балаларымен ойнасын десеңіз, олар үшін бала қызықты болу керек. Мысалы, жұбайыңыз жұмыстан келгенде оны әдеттегідей балаға шағымданып қарсы алуға болмайды, керісінше бала қызығушылықты білдіріп және қуанышты түріңізбен қарсы алуыңыз керек. Оған разы күлемсіреп айтыңыз: «Балаң саған тартқан екен, бүгін қанша іс тындырды. Қарашы, ермексаздан машина жасады, кубиктерден ғимарат құрды. Балалармен футбол ойнады, сондай қызық болды! ”. Әкесіне бұл ұнап, ол баланың ойындарына жиі қосылатын болады.

Бірақ, өз баласына қызығушылығының жоқтығының басқа себебі болуы мүмкін: кейде ол шынымен де баламен не істеу керек екенін білмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда әңгімелесу көмектеспейді, бұл жерде баламен қандай ойын ойнауға және қалай ойнау керектігін көрсету керек. Қызық, бірақ әйел ер адамға қарағанда мұндай ойындарды қалай ұйымдастыру және қалай ойнау керектігін жақсы біледі және оны жұбайына көрсетуі тиіс. Кей кездерде одан сұрауға болады: “Біз бұл жерде дұрыс ойнап жатырмыз ба?”, мұндай жағдайда әдетте ол сізді түзетіп жібергісі келеді: керемет, бізге де осы керек еді.

Ал кейін, күйеуіңіз баламен тіл табысқаннан кейін, келесі қулыққа баруға болады: баланың құлағына сыбырлап айтып қойыңыз: “Әкеңе барып, сенімен ойнауын немесе саған кітап оқуын сұрашы”. Көбінесе әкелер баласының өтінішін орындайды. Ал әйел-зайыбына тек оған қуану және  “Сен керемет, қамқор әке екенсің! Сенің қолыңнан бәрі тамаша келеді! Рахмет саған!” деу ғана қалды.

 

Авторлар: Н.И.Козлов және Марина Смирнова

Дереккөз: http://www.psychologos.ru

Аудармасын жасаған: Kundyz kz

Күйеуіңізді бала тәрбиесіне қалай тартуға болады: 1 пікір

  1. Нагыз Маган кажется еди… Коп рахмет казирден кирисемин.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*