АИТВ (ВИЧ) және жүктілік

АИТВ (ВИЧ) – оң әйелдер дені сау, жұқтырылмаған балаларды дүниеге әкеле алады, себебі бұл жұғу жолына қарай басқарылатын жұқпа. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупі ешбір араласусыз 20-45% құрайды.
Алдын-алу шараларын жүргізу барысында бұл қауіпті 2-3% дейін төмендетуге болады. Жылдан жылға АИТВ-жұқпасы бар әйелдер саны көбейіп келеді.

АИТВ деген не?

          АИТВ – бұл адамның иммундық тапшылығының вирусы. АИТВ ағзаны әртүрлі инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйені әлсіретеді.
ЖИТС (СПИД) – жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы. Иммундық жүйе әлсіреген жағдайда адам әртүрлі, әсіресе инфекциялық (туберкулез және пневмония) ауруларға осал келеді.

АИТВ қалай беріледі?

— Жұқтырылған анадан балаға (жүктілік, босану кезінде және емшек сүтімен тамақтандырғанда)
— Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде (анальдық, қынаптық, аз жағдайда оральдық)
— Қанмен жанасқанда (инелер, шприцтер, қан құю кезінде)

Жүктілікті жоспарлау

          Егер сіз бала туам деп шешім қабылдасаңыз, болжалды жүктілікке дейін бірнеше ай бұрын дәрігерге көрініп (акушер-гинеколог) және оған өзіңіздің жоспарларыңызды айтқаныңыз жөн. Алдымен акушер-гинеколог жүктіліктің басталуын анықтайды және сізді жүктілік бойынша есепке алуға тіркейді.
Өз жағыңыздан, сындарлы ынтымақтастыққа бағытталыңыз, дәрігермен жақсы қарым-қатынас орнатыңыз, жүктіліктің барлық кезеңінде айына бір реттен кем емес уақыт кездесулеріңіз керек.

АИТВ және жүктілік

          Алдымен акушер-гинеколог жүктіліктің басталуын анықтайды және сізді жүктілік бойынша есепке алуға тіркейді. Дәрігер сізді анализдер қатарын тапсыруға жібереді – бұл УДЗ, қанның жалпы көрсеткіші және несеп анализі. Бұл процедуралардан басқа, сізге иммундық статусы және вирустық жүктемені анықтау үшін қан анализін тапсыруды ұсынуға тиіс. Бұл зерттеулер сіздің денсаулығыңыздың жағдайын (иммунитетті) бағалау және вирустың жағдайын анықтау үшін қажет. Осы көрсеткіштердің негізінде дәрігер сізге антиретровирустық емдеуді тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Болашақ ананың салауатты өмір салты сәтті босанудың кепілі және оның АИТВ- статусына қарамастан баланың денсаулығы болып табылады. Жүктіліктің бірінші жартысында әйел айына 1 рет, жүктіліктің 20 аптасынан кейін 2 рет, 32 аптадан кейін айына 4-3 рет кеңес алып тұруға тиіс. Қажет болған жағдайда дәрігер анағұрлым жиі кеңес беруді белгілейді.
Жүктіліктің қалыпты ағымы жағдайында босануға дейінгі ауруханаға жатқызу 37-38 аптада ұсынылады. Асқынулардың пайда болу қаупі кезінде ауруханаға жатқызу жүктіліктің кез-келген мерзімінде жүргізіле алады.

АИТВ-ның анадан балаға берілуі қашан болуы мүмкін?

          Егер ешқандай алдын-алу шараларын қолданбаса, АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупі 20 дан 45% дейін құрайды. Бұған қоса ең үлкен қауіп – босану кезінде.
— Жүктілік кезінде ананың қанындағы вирус ұрыққа плацента арқылы өтуі мүмкін. Плацента нәрестені анасының қанында болатын әртүрлі инфекция қоздырғыштарынан, соның ішінде АИТВ-дан да қалыпты қорғайды. Ал егер құрсақтың зақымдануы және инфекциялық аурулар жағдайында плацента қабынса немесе зақымдаса, оның қорғаныш қасиеттері төмендейді. Бұл жағдайда АИТВ- инфекциясы анадан ұрыққа берілуі мүмкін.
— Нәресте босану жолдары арқылы өту кезінде анасының қанын және қынап бөлінділерін жұтуы мүмкін. Бұл жағдайда вирус баланың ағзасына ауыздың шырышты қабаты, өңеш және асқазан арқылы түсуі мүмкін.
— Емшекпен емізу кезінде жұқтырылуы мүмкін: құрамында АИТВ болғандықтан тікелей сүт арқылы. Қан арқылы – егер ананың емшек ұшының терісі жарақаттанған болса, онда сүтпен бірге қан кетуі мүмкін, ал бұл нәресте үшін қосымша қауіп. АИТВ-ның емшек сүті арқылы берілу қаупі 12-ден 20% дейін, сондықтан тамақтандыру үшін аналардың балаларды емізуі ұсынылмайды. Сізге балаға арналған тегін сүт қосындылары беріледі.

АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупіне әсер ететін факторлар:

— Аналық факторлар (егер анасында вирустық көрсеткіші жоғары болса, ананың иммунды статусы, есірткі қолдану, анасының жас шамасы, әйелдердің жыныстық мүшелерінің инфекциялары, шылым шегу, антиретровирустық (АРВ) терапия)
— Акушерлік-гинекологиялық факторлар (мезгілсіз су қағанағының кетуі, қауіпсіз босандыру әдісі)
— Ұрықты факторлар (босану жағдайында салмағы 2500 граммнан төмен болу, босану және емшекпен емізу кезінде АИТВ-ның берілу қаупін арттырады)

АИТВ-ның анадан балаға берілуін алдын-алу

          Алдын-алу шаралары ойдағыдай нәтиже беру үшін, яғни, сіздің болашақ балаңыздың дені сау болып туылуы үшін дәрі-дәрмекті 14 аптадан бастап қабылдау басталады. Нәресте туылғаннан 6 сағаттан кейін невирапин немесе ретровир шәрбатын бастап, қабылдау 6 аптаға дейін созылады. Егер жүктілік және босану кезінде АРВ терапия жүргізілмесе және жаңа туылған сәттен бастап туылғаннан кейінгі бірінші тәулікте алдын-алу жүргізілмесе, онда кешірек бастаудың мәні жоқ.
Алдын-алу шаралары сіздің қалағаныңыздай нәтиже беру үшін, яғни балаңыздың дені сау болуы үшін, дәрі-дәрмектерді қабылдау режимін сақтау өте маңызды. Егер сіз бұл режимді бұзсаңыз (дозасын жиі өткізіп алу, жазылған дозаны аз қабылдау немесе препараттарды қабылдаудың арасындағы интервалды қадағаламау) вирустың балаға берілу қаупі артады.
Егер сіз барлық жоғарыда көрсетілген тармақтарды сақтайтын болсаңыз, онда бүкіл әлемде жүргізілген көптеген зерттеулердің мәліметтері бойынша АИТВ-ның анадан балаға берілуін 2-8% дейін азайтуға болады.

Босанудан кейінгі кезең

— Қанның іздері бар материалдарымен жанасуға түскен жағдайда сақтық шараларын сақтау керек (лохиялармен)
— Сүттің шығуын (емшектегі сүттің кезекті бөліну, жиналу, пайда болу процестері) тоқтату үшін кеуде бездерін көшіру немесе дәрі-дәрмектік әдісті (дәрігердің ұсынысы бойынша) пайдалануға болады.
— Баланы күту барысында АИТВ оң ананың жұқтырылған сұйықтықтармен: қаны, сүті, қынаптағы бөлінділермен жанасуды болдырмай, сақтық шараларын сақтау қажет.
— Перзентханадан шығарылғаннан кейін әйел жақын арада гинекологқа көріну керек, өйткені АИТВ оң әйелдер босанғаннан кейінгі инфекциялық асқынуларға жиі ұшырайды.
— Отбасын жоспарлау мәселелері және контрацепция әдістері бойынша мамандардан кеңес алыңыз.
— Перзентханадан шыққаннан кейін туберкулез аруын алдын-алу мақсатында флюроографиялық тексеруден өту керек.

АИТВ оң ананы бақылау және балаларды күту

— Тұрғылықты жеріне қарай емхана педиатры мен ЖИТС орталығының педиатры қарауында болу керек.
— Вакцинациядан өту.
— Барлық нәресте 6 аптаға дейін пневмоцисті пневмонияны алдын-алу үшін бисептолмен (балаларға арналған) ем қабылдау.
— 1, 2 айда және 12 айда, кейде 18 айда АИТВ-ға тексерілуден өту.

АИТВ оң азаматтарға медициналық көмек көрсету жалпы негіздемелерде мемлекеттік кепілдіктердің бағдарламасы шеңберінде ғана жүзеге асырылады.
АИТВ оң әйелдер тұрақты мекен-жайы бойынша әйелдер кеңес беруде тіркеуде тұрады және мекен-жайы бойынша перзентханаларда босанады.
АИТВ оң аналарда өзі мен баласын АРВ-препараттармен тегін, баласын 1 жасқа дейін тамақпен тегін қамтамасыздандыру құқығы бар.
Балалы болу немесе болмау – таңдауды өзіңіз жасайсыз, біз бар болғаны нәрестеңіздің дені сау болуы үшін кеңес бере аламыз. Егер жазылған барлық ұсынымдарды және медициналық персоналдың кеңесін сақтасаңыз, онда дені сау баланы дүниеге әкеле аласыз!

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталық

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды.

*