Қиярдан жасалынатын маскалар

Қазіргі таңда, біздің организімізге көкөністердің қаншалықты пайдасы бар екенін бәрі біледі. Оларды тек тағам өнімдері ретінде пайдаланып қоймай, сонымен қатар, оларды косметикалық құрал ретінде пайдалануға болатыны туралы ұмытпайық. Көкөністерден жасалынатын маскалар бет терідегі көптеген кемшіліктерден арылуға көмектеседі және бет күтімінде таптырмайтын зат болып табылады (бетті ағартуға, секпілдерден, безеулерден, пигментті дақтардан, ұсақ әжімдерден арылуға көмектеседі). Бұл мақалада қиярдан жасалынатын маскалардың рецепттері ұсынылады.

Бет терісін ағартатын маскалардың рецепттері:

1 рецепт: бірдей мөлшерде қияр шырынын және лимон шырынын алып араластырасыз. Осы шырынға марляны шылап және бетіңізге 10 минуттай басып қоясыз.

2 рецепт: қиярды тазалап алыңыз, қабығын бетіңізге 25 минутке басып қойыңыз. Мұндай процедурадан кейін бетіңізді жумасаңыз да болады.

*****

Құрғақ бет теріге арналған маска:

Үккіштен өткізілген 1 ас қасық қиярды 1 ас қасық қаймақпен араластырамыз. Қоспаны бет пен мойынға жағып, 15 минуттай ұстаймыз. Мұндай рецептті аптасына 2 рет жасау керек.

*****

Майлы бет теріге арналған маска:

2 ас қасық қияр шырынына бір жұмыртқа аққуызын қосып, жақсылап араластырасыз. Бетіңізге жағып, 15 минуттай ұстайсыз. Кейін салқын минералды сумен шайып тастаңыз.

*****

Майлы бет терісін келесі қоспамен тазартуға болады:

Қиярдың шырынын арақпен 4:1 мөлшерде араластырып, бетіңізді сүртіңіз.

******

Келесі рецепт майлы бет теріге арналған, сонымен қатар безеулерден құтылуға көмектеседі:

Сізге қажет болады: ұсақ үккіштен өткізілген алоэ жапырақтарынан 3 ас қасық, бір қияр (оны да ұсақ үккіштен өткіземіз), 2 ас қасық сұлу жармасы, бір жұмыртқаның аққуызы. Қоспаларды жақсылап араластырып, бетке жағып, 15-20 минуттай ұстайсыз. Кейін салқын сумен шайып тастайсыз.

*****

Төмендегі маскалардың рецепттері теріңізге балғындылықты сыйлайды:

1 рецепт: жарты қиярды үккіштен өткізіңіз, оны жарты ас қасық косметикалық саз балшықпен араластырып, аз ғана қайнаған су қосып, қою ботқа етіп езесіз. Бетіңізге тегістеп етіп жағасыз да, 10 минуттан кейін салқын сумен шайып тастаңыз.

2 рецепт: жарты қиярды үккіштен өткізіп, 1 шәй қасық балмен араластырыңыз. Бетіңізде 10 минуттай ұстайсыз, кейін жылы сумен шайып тастайсыз.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*