Балаңызды сізді тыңдауға және тіліңізді алуға үйретіңіз

Ақылды ата-аналардың балалары да ақылды, көңілді. Сонымен қатар, мұндай ата-аналар өз балалардың тек ақылды болуын ғана емес, тіл алғыш болудың да қамын ойлайды.

Сіз балаңызға: «Қолыңды жу!» немесе «Барып жуын» десеңіз, ал ол сіздің сөзіңізді құлаққа да ілмейді. Сіз, балаңызға компьютерден тұрып және сабақтарын оқу керектігін ескертсеңіз, ол түрін бұзып: «Қойшы» дейді. Әрине, мұның бәрі дұрыс емес.

Өкінішке орай, балалардың көбісі өз ата-аналарын тыңдамайды. Бұл балалардан кеткен қателік емес, бұл ата-аналардың өздері маңызды нәрселерді балаларға байыпсыз айтуында, және олар сіздің сөздеріңізге құлақ салды ма, әлде жоқ па соған мән бермеуінде. Сіздің өтініштеріңіз жәй, бірақ нақты бұйрық болу керек және де оның орындалуы сіздің бақылауында болуы тиіс. Бала сіздің сөздеріңіз жәй бос сөз ғана еместігін білуі тиіс. Мысалы, егер сіз жиналмаған ойыншықтар қоқысқа тасталатынын  туралы балаға ескертсеңіз, олар шынымен де тасталынады. Егер ата-ана балаға ықпалын тигізетін тұтқаларын біліп, балаға нық өтініш білдірсе, мұндай өтінішті бала орындауы әбден мүмкін.

Бірақ, баламен қарым-қатынасын орнатуда дұрыс тұжырымдарды және ықпал ету тұтқаларын қолдануда емес, мұнда ең бастысы, балада сізді тыңдаудың ӘДЕТІНІҢ болуы. «Ата-анасының тілін алу немесе алмау» — бұл тек ата-аналардың сөздерімен ғана анықталмауы тиіс, сонымен қатар, бұл баланың кәдімгі әдеттерімен де анықталады. Ойланбай-ақ барлық адамдарды тыңдайтын балалар бар, сонымен қатар, ешкімнің тілін алмайтын балалар да болады. «Бәрінің» немесе «ешкімнің» тілін алмау – бұл бірдей жаман әдеттер, ал АТА-АНАСЫНЫҢ ТІЛІН АЛУ – бұл әрине жақсы әдет! Сіздің балаңызда, сіз айтқан сөздеріңізді мұқият тыңдап, өтінішіңізді орындау әдеті болу керек. Балаңызды сізді тыңдауға және тіліңізді алуға үйретіңіз, сонда сізде ата-аналық беделі өсіп, және сізде өз балаңыздан жетілген және ойлампаз адам етіп тәрбиелеуге мүмкіндік пайда болады.

Сіздің балаларыңызда мұндай әдеттің пайда болғызу қиын ба? Көбінесе ол баланың жасына байланысты болады: мысалы ересек  балаларға ата-анасын тыңдауды үйрету өте қиын, ал кішкентай балада мұндай әдетті оңай тудыруға болады. Балаңызда сізді тыңдау әдетін ерте тудыртсаңыз, әрі қарай өзіңізге де жеңіл болады.

Сізге көмектесетін, ең қарапайым тәсіл бұл «Сегіз қадам» тәсілі. Бұл тәсілдің идеясы – қарапайым нәрселерден бастап, бірте-бірте өте қиын нәрселерге өтіп, баланы сізді тыңдауға үйретуде.

«Сегіз қадам» алгоритмі жасы 2-ден 12-ге дейін балалармен жақсы жұмыс істейді. 12 жастан кейін тәрбиелі бала сіздің көмекшіңіз, әрі досыңыз болу керек.

 Ал енді іске кірісейік.

 

1-ші қадам. Жалғасу

Антуан Сент-Экзепюри «Кішкентай ханзада» ертегісінің Патшасы айтқандай, күннің атуымен оңай басқаруға болады, тек оның қашан шығатынын білу керек. Керек кезде: «Күн, шық!» десеңіз, сол сәтте сіз таң атып келе жатқан күннің әміршісі боласыз… . Сол сияқты: егер бала сізді тыңдамаса да, ол бәрібір бір іспен айналысып отырады. Сол кезде, баланың ісіне жалғасып, оның белсенділігін өзіңізге қажетті бағытқа бұрып алуыңыз керек.

Бала жүгіріп жүрсе, сіз оған: «Әй, жарайсың! Тез-тез!» — десеңіз, ол қуана жылдамдықты қосады. Үстелге отырғанда, сіз, баланың жақсы көретін затына қол созатынын білесіз. Алдын алып: «Өзінің сүйікті тоқашыңды ал!» — деңіз. Сіз айттыңыз – ол алды.

Кішкентай Санжар қол шапалақтағанын жақсы көреді. «Біздің Санжар қалай қол шапалақтайды? – Ақылдым менің! Ал енді машина қалай гуілдейді? … Керемет!» — сіз оны өзіңіз айтқаныңызды жасауға үйретіп жатырсыз. Ол бір жарым жаста, және ол сізді тыңдауға және тіліңізді алуға үйреніп келеді.

2-ші қадам. Шақырған кезде келуді үйрету

Ежелгі адамдар жабайы иттерді қалай қолға үйретті? Алдымен оны дәніктіреді, сосын тамақтандырады, содан кейін сипайды. Сөйтіп, бірте-бірте шақырған кезде, алдына жүгіріп келуді үйретті. Баламенде дәл осылай.

Мысалы, сіздің балаңыз алма немесе печенье жеуді ұнатады. Сіз бұл тәттілерді баланың қол жетімді жерде емес, сіз арқылы ғана ала алатын жерге қоюуыңыз керек. Енді баланың сұрауын күтпей, өзіңіз уақыт таңдап, шақырасыз: «Тәтті алманы кім жегісі келеді? Маған тез жүгіріп келіңдер!», «Тәтті, тәтті печенье, тілалғыш балаларға!». Балалар жүгіріп келеді, сіз оларды мақтап: «Әй, жарайсыңдар! Қалай тез жүгіріп келдіңдер!».

 Егер балаңыз сізге жүгіріп келсе, міндетті түрде оны мақтау керек. Ал егер бала асықпай келіп, тәттісін сұрап отырса, сіз баланың сұрағанын бермей: «Болды. Бітіп қалды!», бірақ ескертесіз «Анаң шақырғанда тез келу керек» дейсіз.

 

3-ші қадам. Келісімге үйрету

Балаңыз ақылды болсын десеңіз, оны өзінің ақыл-парасаттылығымен дұрыс қолдануға үйретіңіз. Уақытыңызды аямай, балаға дұрыс пен бұрыс не екенін түсіндіріңіз. Келісуге және берген уәдесін орындауға үйретіңіз.

Егер сіз балаңызбен бірге балалар алаңында жүріп және қайтатын уақытта бала үйге қайтқысы келмейді. Бұл кезде әрине айқай салу оңай. Бірақ бала бақырып жылауы да мүмкін. Сонда не істеу керек? Келісу керек. Балалар алаңына бармай тұрып, баламенен келісіп алу керек: «Балалар алаңына барғың келе ме? Біз барамыз, бірақ ол жерде ұзақ жүрмейміз. Маған түскі ас әзірлеу керек. Үйге қайтатын кезде менімен саудаласпай, жыламай, балалармен қоштасамыз да кетеміз. Жарайма? Маған уәде бересің бе?» Ал қайтатын кезде балаңыз қыңқылдап: «Тағы ойнай тұрайықшы» деп айтуы мүмкін. Сол кезде сіздің басты мәселеңіз жәй ғана баланы ойнап отырған балалардан бөліп шығарып, сөйлесуіңіз керек: «Сен маған уәде бердің ғой, жыламай үйге қайтатынымызды? Сондықтан жылауға және қыңқылдауға болмайды. Әйтпесе, мен саған келесі жолы қалай сенемін?»

 Бұл жерде ең маңызды – келісімдерге деген құрметін барлық жақын адамдар қолдап отыру керек, және де бәрінің позициясы бір болу керек: «Уәде бердің бе? Орындау керек. Ал кім орындамаса, сол – ерке, бұзақы және кішкентай».

 

4-ші қадам. Еркелікке жол жоқ

Тілалғыш бала сіздің өтініштеріңізді ОРЫНДАП қана қоймай, сонымен қатар сізге ұнамайтын іс-қылықтарын да ЖАСАМАЙДЫ. Ата-анасының сөзіне қарсы шығуда бала еркелік және долы мінезін көрсетіп күреседі, мұнда сіздің басты міндетіңіз – оның қылықтарына мән бермеу. Сіз баланың еркеліктеріне мән бермей өз ісіңізбен айналасуға үйреніңіз, әрине егер сіз «менікі дұрыс» деп сезінсеңіз және жақын адамдар сізді қолдап жатса.

Бәрілеріңіз пойызға асығып, жиналып жатырсыз. Бұл кездегі баланың «Жүр ойнайықшы» деген еркеліктері бәріменен елемеуі тиіс. Балаға маңызды шаруалар бар екеніне үйретіңіз. Баланы «Бұл өте маңызды» деген сөзге үйрету керек. Егер сіз, балаға тура қарап, жәй және қатып: «Үлкендерге жиналу керек. Бұл өте маңызды. Сенімен кейін ойнаймыз.» десеңіз, жақында бала сізді түсінуге үйренеді. Бұл өте маңызды!

 

5-ші қадам. Талаптар

Сіз шақырған кезде балаңыз тез арада жүгіріп келіп, еркеліктерін қойып, долы мінезін көрсетпеуді үйренді. Әдетте ол сіздің өтініштеріңізді орындайды, бірақ одан бір зат талап етуге ол әлі оған үйренбеген. Өтініштер — жәй ғана, ал талаптар – нақты және міндетті. Бұл қадамда, аз шамадағы талаптардан бастау керек, сонымен қатар үйдегі үлкендер сізге міндетті түрде қолдау көрсеткен жағдайда ғана, бірте-бірте әрекет жасау керек

Белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға бала жеткілікті үлкен болып есептеледі, мысалы, бөтен бір баладан ойыншықты тартып алмауға, түсіп қалған қолғапты өзі көтеруге, өзі тамақтануға…. Егер бала сіздің талаптарыңызды орындауға үлгірмей жатса, және олар ол үшін өте көп болса, немесе сіз айналадағы жақын адамдардан қолдау көрмесеңіз, балаға қысым көрсетпеңіз.

Сонымен қатар, баланы тәттілермен марапатсыз шақыруға үйретіңіз. Егер баланы ата-анасы шақырып жатса, келу керектігіне үйретіңіз. Ал егер ол бірден келмесе, қайталаңыз. Мұнда сіз оны күтіп қалғанына оның назарын аударыңыз. Ұрсуға болмайды, тек жәй сөзбен ғана: «Анаң шақырғанда келу керек» деп және бетінен сүйіп алыңыз! Ақырындап бала оны әдет етіп алады.

 

6-шы қадам. Міндеттер

Талаптар – бұл бір жолғы, ал міндеттер – бұл балаға деген жүйелі түрдегі талаптар. Енді баланы ата-анасымен бірдей отбасылық істермен айналысу керектігіне және отбасының әр мүшесінде өзінің міндеттері бар екендігіне үйрету кезегі келді. Оны балаға түсіндіріп, оған белгілі бір шаруаларды істетіңіз, бірақ бұл жерде де бір-бірте әрекет ету керек: алдымен өзінің қолынан келетін және ынтасы бар міндеттерді таңдасын.

Бұл қадам балаға емес, анасына қиын болып келеді. Баласын мәжбүрлемей-ақ, аналары өздері бәрін істеуге асығады. Сондықтан, сіз, балаңызда үнемі белгілі бір міндеттер болу керектігінің қамын ойлау тиіссіз. Балада, онымен міндетті түрде орындалатын шаралар бар екенінің түсінігі басылмау тиіс. Өзінің төсек-орнын жинау, артынан ыдысын жинау, жуу, дүкенге бару – бұл әрине, сізге істеу оңайырақ болып көрінеді, бірақ сіз тәрбиелеушісі болғандықтан, ол істерді балаға орындауды үйрету керексіз.

 Басында балаға оның міндеттері туралы ескертіп отырасыз, ал кейін ол міндетті есте сақтау баланың мойына жатады. Өз міндеттерін есте сақтау – бұл да баланың міндеті.

 

7-ші қадам. Өз бетімен жүруді үйрену

Балаңыз міндеттер не екенін білді, енді оны өз бетімен жүруге үйрету керек. Тілалғыш баланың өз бетінше жүре алуы дегеніміз, сіз оған сенім білдіріп, кез келген қиын тапсырмаларды өз күшімен орындала алатынында.  Бұл жерде қарапайым «Дүкенге барып кел» немесе «Шелек шығару – бұл сенінің міндетің» емес, бұл жерде «Сапарға саған қажет болатын заттарды жина» немесе «Тісің ауырып тұр ма? Емханаға қоңырау шалып, дәрігер қашан болатынын біл де, барып емдеп кел». Әдетте әрине, басында бәрі өте тиянақты өтпеуі мүмкін, балаға сіздің көмегіңіз, есткертпелеріңіз қажет болуы мүмкін. Бірақ қиын тапсырмаларменен қаншалықты жиі, әрі сәтті орындаса, соншалықты тез өз бетімен жүрудің бабын табады. Егер сіз ұзақ мерзімге бір жерге кетіп қалсаңыз жақсы болатын еді, сонда бала өз бетімен, сіздің көмегінсіз өмір сүріп көреді.

 

8-ші қадам. Жауапкершілік

Мінеки, соңғы қадам да қалды: жауапкершілік. Әйелдер «жауапкершілік» деген сөзді аса сүймейді, оларға «қамқоршылық» деген сөз жақынырақ. Бірақ бұл сөздердің айырмашылығы бар: қамқоршы адам өзінің қателіктеріне тек жанымен және ыждаһатымен төлейді, ал жауапты адам нақты жауап тартады. Балалар ер жетіп келе жатыр, оларды жауапкершілікке үйрету кезі келді. Сіз енді қарапайым тапсырмаларды беріп қана қоймай, басқалардың алдында жауап тартатын маңызды тапсырмалармен жүктейсіз.

Сіз балаға дастарханың үстіне қымбат сервизді қоюға немесе банкке ақшаны салуға немесе бала-бақшадан қарындасын алып келуге тапсырдыңыз. Шағып алмайма? Жоғалтып алмайма? Ұмытып кетпей ме?

 Мұндай маңызды тапсырмаларды орындауға, қателік жібергенде қандай жауап тартатынын білген бала, тапсырмаға жуапкершілікпен қарап: бәрін жақсылап ойлап, еске алып, тексеріп орындайды, ал нәтижелерін міндетті түрде сізге жеткізеді.

Бала бұған да үйренген кезде, сіз оны мақтан тұта аласыз – сіздің алдыңызда енді ересек адам. Сіз ересек, жауапты адамды тәрбиеледіңіз!

Әрине, осыдан кейін сіздің балаларыңыз мінсіз тілалғыш болғанына сізге ешкім уәде бере алмайды. Біздің барлық балаларымыз үнемі тіл алғыш болмауы да мүмкін. Кейбір кездерде бұл кездейсоқ, ал кейбір кездерде әдейі істеуі мүмкін. Осыған орай қандай әрекет істеу керек? Сабырлы болыңыз. Егер сіз сауаттылығыңызбен істесеңіз, бұл мәселені оңай шеше аласыз.

 

Балалар өз ата-аналарына сөзсіз бағынып, тілін алу керек пе?

Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Себебі ата-аналар да әр түрлі болады. Алқаш – ата-аналар да бар, өз балаларын жақсы көретін ақылды ата-аналар да бар. Өз балаларын сүйетін ақылды ата-аналар туралы айтсақ, мұнда әрине, балалар мұндай ата-аналарын сөзсіз тыңдау керек. Неге? Себебі, ақылды, баласын сүйетін ата-ана, өз балаларына зиян келтіретін өтініштерді орындауды талап етпейді.

 

Дереккөз: http://www.psychologos.ru

Аудармасын жасаған: Kundyz kz

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*