Қас күтімі

Қастарды пішінге келтіру, олардың күтімі және бояу

Әдемі, жақсы күтілген қас – дұрыс макияждың негізгі факторлардың бірі болып табылады. Бірақ бет пішініне сәйкес болатын қас барлық әйелдерде бола бермейді. Оларды күту керек: түзетіп, тарап, жұлып тұру керек. Бұл мақалада үй жағдайында қас пішінін қалай  дұрыс таңдауға, түзетуге, бояуға болатыны туралы ұсыныстар берілген.

girl-1147362_1280

Қас пішінін бет пішініне қарап жасау керек.

  • Домалақ бет. Ең жарасымды пішін – сынық қас. Қас көтеріңкі болу керек және ұшы қысқа болу керек. Сынығын өте үшкір жасамаңыз, бұл бет дөңгелектілігін көрсетеді. Бет пішінін қайталайтын домалақ қастар да жасауға ұсынылмайды.
  • Сопақша бет. Бұл жағдайда түзу келген қастар өте жарасады. Оларды сәл ғана дөңгелектеуге болады. Көтеріңкі доға етіп жасамаңыз.
  • Үшбұрышты бет. Мұнда қастар сәл көтеріңкі болу керек. Ұзындығы орташа сынық пішінді қас өте жарасымды.
  • Төртбұрышты бет. Мұндай бет пішінді адамдарға ұзын доға тәрізді сынық қастар жарасады. Есіңізде сақтаңыз қастарыңыз көтеріңкі болу керек. Жіңішке етіп жасамаңыз.

Әрине, пішінді келтіруде қас жұла отырып қателік жіберуге оңай, ал оны түзетуге көп уақыт кетеді. Мұндай жағдайда қастардың пішінін келтіретін арнайы трафареттерді қолдануға болады.

trafaret

Трафаретті қасыңызға қойып, қара қарындашпен қасыңызды бояп шығыңыз. Артық қылдарды жұлып тастайсыз. Трафареттерді дүкендерден немесе осы жерден және осы жерден сатып алуға болады.

Қасты қалай дұрыс жұлу керек?

  • Отырған жеріңіз өте жарық болу керек.
  • Бастар алдында пинцетті спиртпен өңдеңіз.
  • Қасты арнайы щеткамен жақсылап тараңыз.
  • Қылды түбінен ұстап, лезде жұлып алыңыз.

Қас күтімінің құпиялары

  • Қастарыңызды күнделікті арнайы щеткамен тараңыз. Щетканы майсана немесе зәйтүн майына сулап алыңыз. Олар қас қылының өсуін тездетеді.
  • Қастардың пішінін сақтап қалу үшін лак немесе арнайы гель жағыңыз.
  • Массаж жасаңыз. Массажды қас сызығымен кеңсіріктен бастап шекеге қарай жасаңыз.
  • Компресстер. Мақтаны жылытылған өсімдік майға сулап, оны сығып, 5-10 минутқа басып қойыңыз.

Қасты қарандашпен қалай бояу керек?

Алдымен қарандаштың ұшы жақсы ұшталған болу керек. Ал оның түсі шаш түсінен сәл қаралау болу керек. Қарындашты қатты батырып салмаңыз. Бөлек штрихтармен жүргізіңіз.

 

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*