Жүктілік және жыныстық қатынас

Бала көтергеннен бастап, әйелдің ағзасы көптеген өзгерістерге ұшырайды. Түрлі сұрақтар пайда болады. Мысалы, жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

Жүктілік бұл ауру емес, сондықтан табиғи қажеттіліктерді қанағаттандыруды ұмытуға болмайды. Жүктілік және секс – бұл үйлесімді заттар, егер де қарсы көрсетім болмаса. Тек бір ереже бар: қимылдарыңыз әрқашан епті болу керек, ал жатқан күйіңіз(поза) ыңғайлы болу керек. Оргазм кезінде шығарылатын гормондар анасының жүйке және эндокриндік жүйелеріне оң әсерін тигізеді.

Құрсақтағы балаға зиян келмей ме?

Қағанақ суы және жатыр етінің қабығы баланы соққылардан жақсы қорғайды, сондықтан оған зиян келтірілмейді.

Жүктілік кезінде қандай күй(қалып,поза) ыңғайлы?

Жүктілік кезінде ең ыңғайлы күй – “қасықтар тәрізді”. Мұнда ерлі-зайыпты бір бүйірге жатады, ер адам артында болады.

Қандай жағдайда жыныстық қатынасқа түсуге болмайды?

  1. Жыныс жолы арқылы жұғатын ауруы болғанда.
  2. Көпұрықтық жүктілік кезінде.
  3. Жыныс мүшелерінің қабынба аурулары болғанда.
  4. Түсік болуының қаупі болған кезде.
  5. Бұрын түсік тастаған кезде.
  6. Қынаптан қан немесе сұйықтықтар бөлінген кезде.
  7. Ұрықжолдастың(плацента) өте төмен орналасуы.

Егерде жыныстық қатынастардан кейін өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дәрігерге барғаныңыз жөн. Мұндай жағдайда жатырдың бұлшықеттері жиырылып, іштегі балаға зиян келуі мүмкін.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*