Шаршамай қалай көп іс тындыруға болады

Көптеген жұмыстарды бітіріп, сонымен қатар шаршағаныңды сезбеуге шынымен де болады. Оны қалай істеуге болады: аптадағы іс-шаруаларды жоспарлауды үйреніңіз. Ірі компанияның бір басшысы өз ойымен бөлісті: «Жоспарларды жаза бастадым – сол кезде менде ой пайда болды: жұмыстарым үшін алаңдамайтынымды байқадым. Ештеңені ұмытпаймын, қағазда бәрі жазылған – не үшін алаңдаймын?». Жоспарлаудың ең оңай тәсілі: дүйсенбіде жұмысты бастар алдында, осы аптада жасалынатын іс-шаруаларды жазып алыңыз, содан кейін оларды апта күндеріне бөліп тастаңыз. Жаңа іс пайда болса, оны бірден өзіңіздің тізіміңізге қосыңыз және оны қашан орындайтыңызды ойланыңыз.

  • Көбірек жұмыстарды бітіру үшін оларды бір-бірімен үйлестіруге тырысыңыз.

Мысалы, егер сізге сыртқа шығып орындайтын бірнеше ісіңіз болса – оларды бір күнде орындауға тырысыңыз, сонда басқа уақытта сіз кеңседе тыныш отырып жұмыс істей аласыз.

  • Бүгінгі күніңізді көзіңізге елестетіңіз

Жоспарыңыз орындалады, егер сіз оның орындалатынына жоқ дегенде ойыңызда сенімді болсаңыз. Көз алдыңызда елестетіңіз: жұмысқа қалай келгеніңізді, алдымен не істейсіз, кейін ше, жоспарлағаныңызға уақыт жете ме? Егер уақыт жетпейтінін сезсеңіз графигіңізді қайта қараңыз.

  • Жүйелі түрдегі демалысты ойластырыңыз

Ұзақ демалысқа қарағанда бірнеше қысқа үзілістер жақсырақ. Күні бойы қысқа үзілістерді жасаңыз: түскі үзілістерді, метроға дейін серуендеуді, жұмыс кезінде әр сағат сайын он минуттік қысқа үзілістерді. Жұмыстарды ретімен орындау – ол да демалыстың бір түрі. Мақаланы жазу, келіссөздерді жүргізу, поштаға барып келу. Үш жұмысты бітіріп, шаршағыштықты сезбейсіз, себебі істеріңіз әр түрлі болды: мақаланы жазып отырғанда – миыңыз жұмыс істеді, клиентпен келіссөз жүргізгенде – эмоциялар іске қосылады, поштаға бардыңыз – денеңіз жұмыс істеді.

  • Спортпен шұғылданыңыз

Спортивтік шаралар – сандалма уақыт өткізу емес. Бұл да демалыс, көңіл көтеріп және сергектікке ие болудың тәсілі. Би, шығыс жекпе-жек күресі, фитнес, таңғы шынығу сіздің графигіңізді керемет толықтырады.

  • Әуенге жұмыс істеңіз

Егер жұмыстарыңыз максималды мұқияттылықты талап етпесе, сонда музыка қосып жұмыс істесеңіз болады. Қызық, бірақ сол кезде азырақ шаршайсыз.

  • Ұзақ мерзімді жоспарларды жазыңыз

Жұмыс бағыттары көп болған сайын, жоспарларыңыз да ұзақ мерзімді болуы керек. Бұл жұмыс науқанынан құтылуға көмектеседі.

Дереккөз: http://www.psychologos.ru

Аудармасын жасаған: Kundyz Kz

  Ұқсас жазбалар: