Болашақ сәбидің жынысын анықтау

Болашақ ата-ананың көбісінің ойын толқытатын сұрақ – сәбидің жынысы. Сәби жынысын анықтауда түрлі тәсілдер қолданылады.

Қазіргі таңда кеңінен таралған және бала жынысын анықтауда шындыққа жақын УДЗ (ультра-дыбыстық зерттеу) болып табылады. УДЗ арқылы бала жынысын жүктіліктің 16 аптасынан бастап анықтауға болады. Бірақ мұнда да УДЗ маманы қателесуі мүмкін. Кейбір жағдайларда баланың жыныс мүшесі көрінбеуі мүмкін немесе кіндік тамырын ұл баланың мүшесіне ұқсатып қателесуі де мүмкін.

Сәби жынысын анықтауда тағы да бір тәсіл ол — хорион биопсиясы (амниопункция). Бұл тәсіл сәбидің жынысын 100% нақты анықтайды. Бірақ оны бала жынысын анықтау үшін емес, балада генетикалық ауытқулар, аурулар бар деген күдік болған кезде өткізеді. Мұнда бала жолдасының тінінен (хорион бүрін) үлгі алынып зерттеледі. Бұл процедура күрделі және оның шамалы болса да қаупі бар болғандықтан, оны тек бақылаушы дәрігердің тағайындауымен ғана өткізеді.

Сонымен қатар, ел аузында болжам-белгілер де бар:

  • жүкті әйелдің бет-әлпеті көркейсе – ұл туады, керісінше болса – қыз
  • іштің пішіні жалпақ болса – қыз, ал сопақша, алдыға қарай созыңқы болса – ұл
  • жүкті әйел ащты, тұзды тағамдарға жерік болса – ұл, тәтті тағамдарға – қыз босанады
  • құрсақта ұлдар қатты соққылайды және т.б.

Интернет торында да сәби жынысын анықтауға түрлі кестелер ұсынылады. Солардың ішінде көпке танымалы қытай кестесі. Бұл жерде тек әйелдің жасы мен қатынасқа түскен айды білу керек. Қиыстырылған торда – Ұ (ұл) немесе Қ (қыз) көрсетіледі.

Бірақ қазіргі таңда халық болжамдары және мұндай кестелердің ғылыми дәлелдеуі жоқ болғандықтан, олардың растығы күдік туғызады.

Болашақ сәбидің жынысын анықтау: 11 пікір

  1. Менин босанатын уакытым сауир деп берилген. Бирак кунтизбекке карасам март деп. Ул кыз екен билмей турмин.

  2. алла кыз берема ул берема ози шешеди..каленьдарды алла шыгарган жок..

  3. Мен 25 карашада котерип ем ал ол кез жасым 26 да болды енди жасым 27 де менде кыз ба алде ул ма ???

    1. Сиз августте босанаспа уакытыныз.если август бооса ул босанасыз. Меники еки баламдада осы календарьмен туп ьура келген.

  4. Менин жасым 29да етиккирим кыркуйекте келди улма кызба жауаптарнызды кутем

  5. Жасым 26да. 2 қызым бар. Етеккірім 26 ақпан 5 наурыз болады. Содан кейін бір ай жоқ. Бірақ узи сәуір деп шығарады көтерген ай. Сонда бала жынысы қандай болады

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*