Болашақ сәбидің жынысын анықтау

Болашақ ата-ананың көбісінің ойын толқытатын сұрақ – сәбидің жынысы. Сәби жынысын анықтауда түрлі тәсілдер қолданылады.

Қазіргі таңда кеңінен таралған және бала жынысын анықтауда шындыққа жақын УДЗ (ультра-дыбыстық зерттеу) болып табылады. УДЗ арқылы бала жынысын жүктіліктің 16 аптасынан бастап анықтауға болады. Бірақ мұнда да УДЗ маманы қателесуі мүмкін. Кейбір жағдайларда баланың жыныс мүшесі көрінбеуі мүмкін немесе кіндік тамырын ұл баланың мүшесіне ұқсатып қателесуі де мүмкін.

Сәби жынысын анықтауда тағы да бір тәсіл ол — хорион биопсиясы (амниопункция). Бұл тәсіл сәбидің жынысын 100% нақты анықтайды. Бірақ оны бала жынысын анықтау үшін емес, балада генетикалық ауытқулар, аурулар бар деген күдік болған кезде өткізеді. Мұнда бала жолдасының тінінен (хорион бүрін) үлгі алынып зерттеледі. Бұл процедура күрделі және оның шамалы болса да қаупі бар болғандықтан, оны тек бақылаушы дәрігердің тағайындауымен ғана өткізеді.

Сонымен қатар, ел аузында болжам-белгілер де бар:

  • жүкті әйелдің бет-әлпеті көркейсе – ұл туады, керісінше болса – қыз
  • іштің пішіні жалпақ болса – қыз, ал сопақша, алдыға қарай созыңқы болса – ұл
  • жүкті әйел ащты, тұзды тағамдарға жерік болса – ұл, тәтті тағамдарға – қыз босанады
  • құрсақта ұлдар қатты соққылайды және т.б.

Интернет торында да сәби жынысын анықтауға түрлі кестелер ұсынылады. Солардың ішінде көпке танымалы қытай кестесі. Бұл жерде тек әйелдің жасы мен қатынасқа түскен айды білу керек. Қиыстырылған торда – Ұ (ұл) немесе Қ (қыз) көрсетіледі.

Бірақ қазіргі таңда халық болжамдары және мұндай кестелердің ғылыми дәлелдеуі жоқ болғандықтан, олардың растығы күдік туғызады.

Болашақ ұлыңызға қандай есім қоясыз?

Болашақ сәбидің жынысын анықтау: 19 пікір

  1. Менин етеккирм 5тамыз куни келди содан жок тест алсам жукти екенмин бирак мени бел ауруы мазалап жур куыктарм иштерм ауырады не истесем болады

  2. Кестеде көрсетілген уақытпен қарасам ұл көрсетілген, 1 узи ұл деп айтты, 2 узи ұл немесе қыз, точно анық айту қиын деп айтты, бала бұтын ашпайды, 3 узи қыз болады деп айтты. Кім біледі Бір Алладан басқа! Һақ тағалам кімді берседе разымын, қыз берген Алла ұлды да береді. Ин шаа Аллах. 12 мүшесі аман болсын, ауыртпасын, аман есен босанып алайын Әумин.

  3. Араға 8жыл салып кқтпрлім әрең
    Енді узиге бару керек па бір ай бұрын келген етеккірім.
    Жоқ ерте ма.

Добавить комментарий для Лаура Отменить ответ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*