Отбасындағы балалардың дене шынықтыру тәрбиесі

Балалардың дене шынықтыру тәрбиесі – бұл  қазіргі замандағы бала тәрбиесінің маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Баланы балалық шақтан бастап спортқа баулу керек. Ата-ананың өздері балаға қызықты және активті өмір сүруге үлгі көрсетуі керек.
Баланың өсіп дамуы – бұл өте күрделі процесс, оның маңызды компоненті қимыл-қозғалыстардың жетілуі болып табылады.

Баланың қимыл-қозғалыстарының дамуы қоршаған ортаға байланысты болады, сондықтан баланың қимыл-қозғалысының жетілу деңгейі көбінесе ата-анасына байланысты болады. Әдетте ата-аналар өздерінің балаларына тұрмыстық жағдайларды жақсартуға тырысады, қарны тоқ, жылы, әрі сәнді киімі болсын деп, мұның бәрі балаларға денсаулық әкеледі деп ойлайды. Бірақ, аз қозғалыс тәртібіндегі жақсартылған тамақ және жайлы комфорт жалқаулыққа және денсаулығының нашарлауына әкеледі.

Баланың жеткілікті ұйқысы, құнарлы тамақтануы, таза ауада болуы сияқты дене тәрбиесінің қамы да өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, бала епті және ширақ болу керек. Балаға дұрыс жаттығуларды таңдау үшін өз баланың индивидуалды ерекшеліктерін білу керек. Ешқашан да баланы жаттығуларды орындауға мәжбүрлемеңіз. Егер жаттығулар дұрыс таңдалса, бала да оны қызығып та, ынтығып та орындайды. Бұл баланың эмоциялық, этикалық, эстетикалық тәрбиесіне жағымды әсер етеді. Балаға ата-анасы әрдайым көмек көрсету керек. Ата-аналар балаларымен бірге күнделікті таңғы жаттығуларды орындауды, оларға велосипед, шаңғы, коньки тепкізіп, таза ауада активті ойындарды ойнауды ұйымдастыру керек. Барлық жаттығулардың және қозғалмалы ойындардың өздерінің мақсаттары және мәні бар. Жаттығулар және қозғалмалы ойындар бірнеше топтарға бөлінеді:

  • баланың дұрыс физикалық дамуына көмектесетін денсаулықты жақсартатын жаттығулар. Мұндай жаттығулар келбет, бас, иық және де басқа дене мүшелерін дұрыс қалыптасуына бағытталған.
  • акробатика элементтері бар жаттығулар реакциялардың жылдамдылығының, ептілігінің жетіліп дамуына бағытталған. Бірақ бұл жаттығуларды орындау барысында балаларға сақтық болу үшін жанында үлкен адамдар болу керек.
  • жүру, жүгіру, өрмелеп шығу, секіру және заттарды лақтыру қозғалмалы ойындарға жатады. Бұл қозғалыстар балаларды зеріктірмейтін және оларға қызықты болсын десеңіз, оларды қарапайым ережелері бар ойындармен біріктіріп өткізу керек. Бұл жерде бала ережелерді сақтауға, тәртіпке де үйренеді.
  • музыкалы-ритмдік жаттығулар. Бұл жаттығулар қозғалыстарды музыка, ән ритмдеріне үйлестіріп орындауға үйретеді.

Үйде түрлі ойыншықтар және заттар болса, баланың физикалық жаттығуларға қызығушылығы артады. Бір заттармен ойнау, домалату, лақтыру, қауіпсіз өрмелеп шығу, баспалдақпен шығу мүмкіншілігімен қамтамасыз ету керек. Қозғалмалы ойындар және физикалық жаттығулар баланың дұрыс нығайып өсуіне үлкен ықпал етеді. Жаттығуларды таза ауада өткізгені жөн, сонда ата-ана да, бала да ағзаны шынықтырып, сергектікке, көтеріңкі көңіл күйге ие болады.

Спорт түрлі жағымды қасиеттердің дамуына, мысалы байсалды, ілтипатты, жүйрік болуына, сонымен қатар, мақсаттарға жетуде қайсарлықты, қайратты болуына үйретеді. Кішкентай кезінен бастап бала жақсы нығайып өссе және денсаулығы мықты болған сайын, ол жаңа әлеуметтік жағдайларға оңай бейімделе алады.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*