Сіз қалай дұрыс ұрсысу керек екенін білесіз бе?

Отасып тұрғаннан кейін күнделікті болмашы заттардан шыққан ұрсыстар біздің өмірімізді сондай бұзады. Ал бізге кейін бір-бірімізден кешірім сұрау сондай қиын. Сөйтіп, бір-біріне қабағын шытып, өкпе-реніш жиналып, махаббат та, қарым-қатынастардың жылулығы да жоғалады. Соның бәрі шашылған газет пен жуылмаған ыдысқа бола?!

Бірақ, жұбайлар арасындағы ұрыс-қақтығыстар бұл әрбір дұрыс қалыптасып келе жатқан отбасында кездеседі. Сонымен қатар, араздық өшпенділікке айналмас үшін қалай дұрыс ұрсысу керектігін білу қажет. Келесі кеңестерге құлақ түріңіз.

Біріншіден. Сыйластық туралы ұмытпаңыз. Алдыңызда тұрған адам сіздің сүйікті жарыңыз екенін естен шығармаңыз, мүмкін сонда ауыр сөздерді айтудан алшақ боласыз.

Екіншіден. Қарым-қатынастарды тек оңашада анықтаңыз. Бір-біріңіздің абыройларыңыз басқалардың алдында түсіп қалуы мүмкін.

Үшіншіден. Дауыс көтермеуге тырысыңыз.

Төртіншіден. Жарыңыздың келбеттегі кемшіліктерін мазақ қылмаңыз.

Бесіншіден. Іске қатысты емес сұрақтар мен фактілерді жанжалдасқан кезінде қоспаңыз.

Алтыншыдан.  Бір жыл, ай, апта бұрын, тіпті кеше болған ренжістерді ауызға алмаңыз.

Жетіншіден. Алдында сізбен бөліскен жарыңыздың сырларын мазақтауға немесе айтып қоюға болмайды. Онымен бопсалуға болмайды.

 Табиғатынан шыдамды да, ақылды да, мейірімді әйел адам болғандықтан, шаңырақтың шайқалмай тұруы көбінесе оған байланысты болады. Сондықтан жұбайыңызбен қарым-қатынастардың жылулығын ұзақ жылдарға сақтау үшін, онымен дұрыс ұрсысуды үйрену керек. Себебі, әрбір есі сау еркек дау-жанжалды жақтырмайды және шынымен де оның жары онымен риза болғанын қалайды.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*