Сүйікті жар болам десеңіз…

Сүйікті жар болам десеңіз, келесі қағидаларды орындауға тырысыңыз.

Біріншіден. Жарыңызға дәмді тағамдарды әзірлеңіз. Әр еркектің жүрегіне алып баратын ең қысқа жол ол дәмді ас екені көпшілікке мәлім.

Екіншіден. Бала-шағаға басты-көзді болып, үй іші таза болса, мұндай үй шаруашылығындағы әйел құнды.

Үшіншіден. Бұл – сенім. Қаншалықты сен білгішсінсең, “Мен саған айттым ғой!”, “Мен сенен жақсы білемін” деген сөздерді бірде-бір еркек жақтырмайды. Егер сіз жұбайыңызға сенім білдіріп, маңызды шешімдерді қабылдауға құқық берсеңіз, “Сен өзің жөн көргенін істе, мен саған сенемін” десеңіз, сіз үшін қарды да жағады.

Төртіншіден. Кемшіліктерін жарияламаңыз. Көпшіліктің алдында еріңіздің жақсы істерін асырып, жаманын жасырып жүріңіз.

Бесіншіден. Жұбайыңыздың туған-туыстарымен қатынастарыңыз жақсы болғаны жөн. Ол оны міндетті түрде бағалайды және екеуіңіздің араларында ырың-жырың болған жағдайларда оның туысқандары сізді қолдайды.

Алтыншыдан. Әрқашанда сексуалды тартымды болыңыз. Сонда жұбайыңыз шеттен көңілдес қатынастарды іздемейді.

Жетіншіден. Өзіңіздің талап-тілектеріңізді ұмытпаңыз. Психологтардың айтуынша, егер адам өзгелерге сүйікті болғысы келсе, алдымен өзін-өзі сүйюі керек. Өзіңізді сүйіңіз, ара-тұра еркелетіңіз. Жұбайыңызға да сізді еркелетуге мүмкіншілік беріңіз. Дүкендерде жұбайыңыздың алдында көйлектерге немесе бұйымдарға демонстративті сүйсініңіз. Ал егер ол қалағаныңызды алып берсе, қуанышпен қарсы алып, алғысыңызды айтыңыз. Сонда ол әйелін қуандыру керектігін және еркелету керектігін естен шығармайды.

Сегізіншіден. Өзіңізді күтіңіз. Сұлулық салондық процедуралар қаншалықты қымбат болса да, айына бір-екі рет барып тұрыңыз. Нәтижесінде жарыңыз қасындағы сұлуын әрқашан мақтан тұтады.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*