Жүктіліктің 12-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 10 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Сіздің балаңыздың салмағы 8-ден 14г дейін. Төбесінен құйымшағына дейін бойының ұзындығы 60мм шамасында.

12 аптада баланың жүрек соғуын арнайы допплер деген құралмен естуге болады. Баланың қаңқасы енді оссификация (сүйек заттегінің пайда болуы) кезеңіне өтті. Аяқ және қол саусақтары ажыратылып, тырнақтар өсе береді. Денеде шаштың жеке белгілері пайда болады. Жыныс мүшелері айқын болады. Асқазан-ішек жүйесі, жүйке жүйесі дамиды. Балаңыз қозғалады, бірақ ол қозғалыстарды сіз әлі сезбейсіз. Бала аузын аша алады және саусақтарымен қозғала алады. Шарана сұйықтығының (околоплодные воды) мөлшері үлкейіп жатыр. Қазір ол 50мл-ді құрайды. Қазір бұл сұйықтық  қанның плазмасына (жасушалық емес бөлігіне) ұқсайды, бірақ онда аққуыздың мөлшері едәуір аз болады.

Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Осы 12 аптаның ішінде салмағыңыз бірнеше килограммға азюы да, көбеюі де мүмкін. Егер сіздің жүрегіңіз айныған болса, онда бір килограмдай салмақ тастауыңыз мүмкін.

Жалпы бүкіл жүктілік кезінде салмақтың өсуі 11,4-15,9 кг болады. Жүктіліктің аяғында салмақ тезірек өседі. Егер сіз өткен 12 аптада 1,8-ден 3,5 кг-ға дейін салмақ қоссаңыз, бұл қалыпты болып табылады.

Осы кезеңде сіздің жағдайыңыз жақсарады. Әдетте жүрек айнығаны қоя бастайды. Ішіңіз әлі үлкен емес, өзіңізді жайлы сезінесіз. Ішіңіз ғана үлкеймей, емшектеріңіз де үлкейеді, кейбір кездерде ол қышиды. Сонымен қатар, аяқтарыңыздың да салмағы өсуі мүмкін.

Жүктіліктің 12-ші аптасы: 3 пікір

  1. Сәлеметсіз бе админ) Сізге кояр сұрағым біз 12 ші аптадамыз ішіміз шамалы тырысып ауырады кейде 2 күн бұрын Удз тускенде язба бар деген кішкене қана содан кейн мозак алды содан бери астыңғы жағым аздап шаншыгандай ауыратын болды онымен коса төсем бурындары катты тырсылдап турушы еді енді жұмсақ болып кеткен сияқты бул калыпты жагдай ма? язбана деп магний в6 деген дари жазып берді ише берсем бола ма?

  2. Белім және ішім төмен түсердей болып ауырсынады және жатқан кезде шалқаннан жатқан дұрыс па әлде қырымен жатқан дұрыс па?

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды.

*