Жүктіліктің 16-шы аптасы

Іштегі нәрестеге – 14 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Бұл аптада төбесінен құйымшағына дейін бойының ұзындығы 11-11,5 см шамасында. Ал салмағы 80 г шамасында.

Баланың басында үлпе жүн пайда болды. Іштен кіндік шығып тұрады. Енді ол нәрестенің денесінде, бұрынғына қарағанда, төмен орналасқан. Қолдарына қарағанда аяқтары ұзынырақ болды. Бала олармен қозғала алады. Мүмкін сіз баланың қимылдарын сезе аласыз. Ал егер сезбесеңіз, өкінбеңіз. Әр әйелдерде әр түрлі болады. Әдетте баланың алғашқы қозғалыстары 16-шы және 20-шы апталардың арасында байқалады.

Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Сіздің балаңыз өсіп жатыр, сонымен қатар жатыр және ұрық жолдас та көлемінде өсіп жатыр. Алты апта бұрын жатырдың салмағы 140 г болса, қазір оның салмағы 250 г шамасында. Шарана сұйықтығының мөлшері 250 мл-ге дейін өседі.

Сіз біліуіңіз қажет

Бір жаққа жатып ұйықтау керек

Ұйқтаған кезде ыңғайлы жату үшін келесі кеңестерге құлақ түріңіз.

Арқаңызға жатпаңыз. Жатырыңыз үлкейген сайын, сіз арқада жатқанда ол қан тамырларын басып алады. Ал бұл сіздің кейбір мүшелерге және балаға да қан жеткізілуін төмендетеді. Кейде, арқада жатқан жүкті әйелдерге дем алу да қиын болады.

Іштің үстіне де жатуға кеңес бермейміз. Бұл кезде жатырға үлкен қысым көрсетіледі.

Қазірден бастап бір жаққа жатып үйреніңіз. Ыңғайлы болу үшін жастықтарды пайдаланыңыз. Біреуін арқаңыздың артына салып, ал басқасын аяқтарыңыздың арасына салыңыз немесе оның үстіне аяғыңызды қойып жатыңыз.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*