Жүктіліктің 4-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 2 апта болды.

Мүмкін сіз, әлі де осы аптаның аяғында етеккірдің келуін күтіп отырсыз. Ол басталмаса, сіздің ойыңызға ең алдымен жүктілік деген ой келуі мүмкін.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Сіздің нәрестеңіз әлі өте кішкентай. Бұл кезеңде оның бойы 0,36 дан 1 мм-ге дейін болуы мүмкін.

Нәрестеңіз ең бастапқы даму кезеңінде орналасқан, бірақ онда үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Имплантталған бластоцида жатыр етінің шырышты қабығына терең еніп, амниотикалық қуыс қалыптаса бастайды. Бұл жерде ұрықжолдас (плацента) және құрамында аналық қаны бар тамырлы тор қалыптасады.

Ұрықтық жапырақшалар

Түрлі жасушалар қабаттары қалыптаса бастайды. Бұл қабаттар ұрықтық жапырақшалар деп те аталынады. Уақыт өткен сайын олар нәрестенің түрлі мүшелеріне айналады. Эктодерма, эндодерма және мезодерма деген үш басты ұрықтық жапырақшалар болады. Эктодерма жүйке жүйесіне (сонымен қатар бастың миына да), теріге және шаштарына айналады. Эндодерма ішек трактінің қабатына, бауырына, ұйқы және қалқанша бездеріне айналады. Мезодермадан қаңқа, байланысыру тініне, қантамырлар жүйесіне, қаңқалық және біріңғай салалы бұлшық етінің үлкен бөлігіне және уригениталдық жүйеге айналады.

Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Бала көтергеніңіз ешкімге білінбейді. Салмақ та, пішініңіз де өзгермеген.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*