Жүктіліктің 9-шы аптасы

Іштегі нәрестеге – 7 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Баланың бойы төбесінен құйымшағына дейін 2,2-3 см болады.

Бұл кезде балаңыздың мүшелері және жүйелері әрі қарай дамуда. Бұл процесс органогенез деп аталады. Қол және аяқтары ұзарды. Қол буыны білекте иіліп, жүрек маңында орналасады. Қол саусақтары ұзарады. Аяқтарында да саусақтар пайда болады. Мойын дами бастады. Бала қозғалады. Оның қозғалысын ультрадыбыспен байқауға болады. Өте кішкентай болсада, ол адамға ұқсай бастайды. Бала ұл ма, қыз ба деп анықтауға әлі болмайды. Олардың жыныстық мүшелері әлі кішкентай, оны бірнеше аптадан кейін ғана байқауға болады.

 Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Әр апта сайын сіздің жатырыңыз үлкейе береді. Беліңіз аз ғана үлкейді.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды.

*