Жүктіліктің 15-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 13 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Баланың төбесінен құйымшағына дейін бойының ұзындығы 9,3-10,4 см шамасында. Ал салмағы 50 г шамасында.

Терісі өте жұқа, оның астынан қан тамырлары көрініп тұрады. Бүкіл денесі үлпе жүн деген жұқа шаштармен қапталған.

Бұл кезде бала өзінің бас бармағын сора алады. Көздері бір-бірінен алшақ болғанмен, ақырындап беттің ортасына жақындай береді. Сүйектері қалыптасқан және кальций жинала берген сайын олар қатая береді.

Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Енді сіз, жатырды, кіндіктен 7-10 см төмен деңгейінде қолмен ұстап сезе аласыз. Сіздің жүктілігіңіз адамдарға әлі байқалмайды, бірақ шомылу киімін кисеңіз оны жасыра алмайсыз.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*