Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары

Жүктілік күнтізбесі. Егер сіз, өз жүктілігіңіздің мерзімін білмесеңіз, оны мына калькулятор арқылы анықтап алуға болады.

Жүктіліктің алғашқы екі аптасы акушерлік практикада нағыз жүктілік болып есептелмейді.
Себебі, жүктіліктің 2-ші аптасында әлі де фолликул пісіп жетіліп жатады, ұрықтануға арналған аналық жасуша сәтті ұрықтануға дайындалады. Болашақта овуляцияның басталуы және сәтті ұрықтануы өткеннен кейін ғана нағыз жүктілік пайда болады. Сөйтіп, жүктіліктің алғашқы екі аптасы фолликулярлық фаза болып есептеледі, ол дегеніміз әйел нағыз жүкті болып есептелмейді.

Көптеген жағдайларда әйелдер нақты ұрықталу күнін білмейді, бірақ соңғы етеккір циклнің басталған күнін айтуы мүмкін. Осы кезден бастап, әдетте жүктіліктің есептелуі жүргізіледі. Көптеген әйелдер үшін ұрықтанудың (овуляция) ең ықтимал мезгілі – олардың етеккір циклнің ортасында болады, басқа сөзбен айтқанда келесі етеккірдің басталуына дейін екі апта бұрын. Осы күннен бастап (соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап) жүктілік 280 күн, немесе 40 апта бойы созылады. Сөйтіп, соңғы етеккірдің басталған күніне 280 күнды қосып, сіз босанатын күнді де болжамдай аласыз.

Мұндай жүктіліктің есептелуі, іштегі нәрестенің гестациондық жасын анықтайды. Осындай “күнтізбені” қолданып, дәрігерлер және медбикелер іштегі нәрестенің дамуын қадағалайды. Ал овуляциялық (немесе фертилизациялық) жас нақты ұрықтану күннен бастап есептеледі. Ол гестациондық жастан екі апта кем болады.

Дәрігерлердің көбісі жүктілікті аптамен есептейді. Мысалы, егер сізге дәрігер “сіздің жүктілігіңізге 10 апта болды” десе, онда ұрықтану 8 апта бұрын болды және сіз 30 аптадан кейін босануыңыз мүмкін деген сөз (себебі жүктіліктің жалпы мерзімі 40 апта).

Сонымен қатар, триместр деген ірі өлшеу бірлігі бар. Триместрлер жүктілік мезгілін үш фазаға бөледі. Ұзақтығы 13 апта болатын мұндай әр фаза, өзіне тән ерекшеліктеріне ие болады. Мысалы, түсіктер (өзінен-өзі түсіп қалуы) әдетте бірінші триместрде болады. Бұл, нәрестенің мүшелері тез қалыптасатын және дамитын кезеңі. Ал үшінші триместрде жүктілік кезінде болатын гипертонияның (көтерілген артериалдық қысым), токсемияның (қанда токсиндердің пайда болуы) және преэклампсияның (жүктілердің кешіктірілген токсикозы) пайда болуы ең ықтимал кезеңі.

Сонымен қатар, жаңадан бала көтерген келіншектер тағы пайдалы ақпаратты осы мақаладан оқи алады: жүктілік кезінде жыныстық қатынас.

#жүктілік, #жүктілік_апталары

Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары: 457 пікір

  1. Сәлеметсіздер ме 1 айда 2рет етеккір келді басым айналады арқам ауырады бұл неден жауап берініздерші

  2. Менде 10.05.20 етеккір болды сонымен 11аида келмеды. Мен тексердым тесті алып сонда екі сызық болды мен қаты қуанып кетим куиеуым аитым ол кісі де қаты қуанды біз сосон уи ішіне аитык барлыгымыз қаты қуанып едік бирак ол көпке созылмады 12.02.20 түсік тастадым. Енді сураиын дегенім сіздерден каитадан көтеруім мүмкін бе

  3. салеметсиз бе? сизден билейын дегеним менин менустрациям 20.09-25.09 аралыгында келди.бул айда келмеди.теспен тексерсем биресе еки сызык бир тексерсем бир сызык шыгады.не истесем болады сонда котердим бе?

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*