Үй шаруашылығында пайдалы ас содасы

Үй шаруашылығында ас содасын қалай пайдалануға болады?

Жұмсақ жиһаздағы немесе кілемдегі жағымсыз иістерді кетіру үшін, бетіне соданы сеуіп, бірнеше сағаттан кейін шаңсорғышпен сорып алу керек.
love-seat-1090458_1280

Кір жуғыш машинаның ішіндегі кірін және жағымсыз иісін кетіру үшін, ұнтаққа арналған бөлікке сода мен сірке судан (уксус) тұратын қоспаны салып, машинаға киім салмай оны іске қосыңыз.

Егер, сіз, жеміс-көкөністерді жуған кезде, 1 литр суға 1 шәй қасық соданы қоссаңыз, олар тазарырақ жуылады.
fruits-320136_1280

Шәйнек қағын кетіру үшін, ас содасын және лимон қышқылын қолдануға болады. Шәйнекке толтырмай су құйып, 3 шәй қасық лимон қышқылын, 3 ас қасық ас содасын қосып, жарты сағаттай қайнатасыз. Содан соң, суды төгіп шәйнектің ішін жуып алу керек.

Шыны ыдыстарды содамен жусаңыз, олар жылтырап шығады.
tableware-237797_1280

Күйіңкіреген кастрюльдерді және газ пештерінің қаңылтыр табаларын тазалауға сутегінің асқын тотығы (перекись водорода) мен сода қоспасы көмектеседі.

Шкафтардың кір бетін оңай тазарту үшін, 1 қасық сұйық май мен 2 қасық содадан тұратын қоспаны қолдануға болады.
doors-14542_640

Киімдердің қолтық астындағы дақтарды ас содамен кетіруге болады. Ол үшін, кір жуғыш машинаға салар алдында, киімді жарты сағатқа ас содасы қосылған суға жібітіп қою керек.

Аяқ киімге ас содасын сеуіп қойсаңыз, ол иістерді сіңіріп алады. Артынан аяқ киімді жақсылап қағып жіберіңіз.
shoes-272922_1280

Тарақты оңай жуу үшін, оны ас содасы қосылған жылы суда жібіту керек.

Көліктің салонын тазалау үшін сірке су және ас содасы қосылған сабынды ерітінді даярлаңыз және қатты щеткамен ысқылап кірді кетіріңіз.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*