Үйде балалар қауіпсіздігі

Еңбектеп жүрген немесе тәй-тәй басқан әр бүлдіршін үй ішін шарлап, айналасын зерттей бастайды. Сол себепті, ата-аналар кейбір қауіпсіздік ережелерді сақтау тиіс.

1. Электр құралдардың сымдары салбырап тұрмауын қадағалаңыз.

2. Бүкіл тұрмыстық химия және дәрі-дәрмек қорабшасы балалардың қолы жетпейтін жерде болу керек. Керек болса шкафтардың аузын арнайы құлыптармен жауып қоюға болады.

%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%ba%d0%b8-%d0%b4%d0%bb%d1%8f-%d1%88%d0%ba%d0%b0%d1%84%d0%b0-modified

3. Кесетін, шаншылатын, шағылатын заттар балалардың қолы жетпейтін жерде болу керек.

4. Үйдегі барлық электр розеткаларын арнайы бітеуіштермен жабыңыз. Балалар әр түрлі тесіктерге саусақтарын немесе басқа заттарды сұғуға тырысады.%d0%b7%d0%b0%d0%b3%d0%bb%d1%83%d1%88%d0%ba%d0%b8

5. Шкафтар, тумбочкалар, этажеркалар берік бекітілуі тиіс. Бала олардың үстіне өрмелеп шығуы мүмкін.

6. Қорғаныш бұрыштары. Бала жиһаздардың үшкір бұрыштарына және қырларына ұрынып жарақаттанбас үшін, жиһаздарға арналған арнайы бұрыштарды қолданыңыз.

%d0%b4%d0%bb%d1%8f-%d1%83%d0%b3%d0%bb%d0%be%d0%b2

7. Балаңыз қауіпсіз аймақтан шығып кетпес үшін, арнайы тосқауылдарды қойыңыз. Мұндай тосқауылдарды шығаберісте немесе баспалдақтың жанына қоюға болады.

%d0%b1%d0%b0%d1%80%d1%8c%d0%b5%d1%801

8. Баланы терезенің алдына шығартпаңыз. Әсіресе, масаға құрылған торына сүйенбесін. Ол берік орнатылған сияқты болып көрінеді, бірақ олай емес. Өкінішке орай, қазіргі таңда балалардың терезеден құлап түсүінің себебі осы.

9. Шкаф тартпаларына арнайы құлыптарды немесе шектеуіш құралдарды қолданыңыз.

%d0%b4%d0%bb%d1%8f-%d1%8f%d1%89%d0%b8%d0%ba%d0%be%d0%b2-modified

10. Бала өз саусақтарын есікке қысып алмас үшін, арнайы есік бекіткіштерін қолдануға болады.

%d0%b4%d0%bb%d1%8f-%d0%b4%d0%b2%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b9

11. Ал егер де балаңыз үнемі сіздің бақылауыңызда болсын десеңіз, арнайы бейнебақылауышты сатып алыңыз. Баланың бөлмесіне орнатылған камера, бөлмеде жалғыз қалған баланы қадағалауға мүмкіндік береді.

%d0%b2%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%be%d0%bd%d1%8f%d0%bd%d1%8f

Ал сіз, баланың қауіпсіздігі үшін, қандай шара қолданасыз?

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды.

*