Жүктіліктің 20-шы аптасы

Іштегі нәрестеге – 18 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Осы аптада нәресте бойының ұзындығы төбесінен құйымшағына дейін –  14-16 см шамасында. Ал салмағы 250 г шамасында. Осы аптада стетоскоп арқылы дәрігер баланың жүрегін естуі мүмкін.

Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Жүктілік кезеңнің жартысына жетуімен құттықтаймыз. Есіңізде болса, бүкіл жүктілік кезеңі 40 аптадан тұрады (соңғы етеккірдің басталған күнінен есептегенде).

Бұл кезеңде УДЗ (УЗИ) көмегімен жүктіліктің нақты мерзімін анықтауға болады. Ультрадыбыс арқылы іште неше бала бар болуын, бала дамуының аномалияларын көруге болады.

Жатыр түбі кішкене өсіп, кіндігіңізге дейін жетті. Жатыр көлемін нәрестенің қалай өсіп жатқатыны бақылау үшін өлшейді. Дәрігер қасаға (лобковый) симфизден жатыр түбіне дейін аралығын өлшейді, қазір оның ұзындығы 20 см тең. Кейін апта сайын жатыр 1 см-ге өседі. Егер 20 аптада, жатыр, қасаға (лобковый) симфизден 28 см-ден көп – жоғары көтерілген болса, сіз ультрадыбыстық зерттеуден өтуіңіз қажет болады. Мүмкін сізде егіз бала немесе жүктіліктің мерзімі дұрыс анықталмаған болуы мүмкін. Ал егер жатыр түбінен қасаға (лобковый) симфизге дейін аралығы аз (15-16см) болса да УДЗ өтуіңіз қажет болады. Бұд жағдайда, жүктілік мерзімі дұрыс анықталғанымен, құрсақтағы нәресте дамуының кешеуілі болуы мүмкін.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*