Жүктіліктің 8-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 6 апта болды.

Нәрестенің өсіп-жетілуі

Жүктіліктің 8-ші аптасында баланың бойы төбесінен құйымшағына дейін 1,4-2 см болады.

Бұл аптада да нәресте тез өсіп жетіледі. Көздің қабағы пайда болады. Мұрынның ұшы шыға бастайды. Ішкі құлақ және құлақ қалқанының пішіні қалыптасады. Жүректе аорта клапаны пайда болып жұмыс істейді. Дененің басты артериясы ұзарады. Баланың шынтағы біліне бастайды, қол және аяқтары ұзарады.

Сіздің денеңіздегі өзгерістер

Сіздің жатырыңыз үлкейе бастады, бірақ сырттан ол білінбейді, әсіресе бұл жүктілік бірінші болған жағдайда. Жатырыңыз өскендіктен іштің астыңғы жағында аурғанын немесе спазмдарды сезесіз. Кейбір әйелдер жатырдың жиырылғанын сезеді. Жүктіліктің бүкіл кезеңінде жатыр жиырылады. Бірақ, егер ішіңіздің асты ауырып, астыңыздан қан шығып жатса, бұл түсік қаупі болуы мүмкін.

Жүктіліктің 8-ші аптасы: 7 пікір

  1. Салеметсиз бе? Жуктилигиме 8 апта болды. Жумысымда жакында ремонт болган. Ремонттан кейин жумыста краска иси шыгады. Басым аурып коймай жатыр. Не истесем болады ? Алдын ала рахмет!

    1. Сәлем Молдир. Бас ауырғанында түрлі себептер болуы мүмкін. Оның себебі токсикоз да, краскада немесе басқа себеп болуы мүмкін. Егер краскадан болса, мүмкіншілік болса бірнеше күнге отпуск аларсыз? Басқа білмеймін… Дәрілерді айта алмаймын, оны тек дәрігер тағайындайды. Себебі жүктілік кезінде көптеген дәрілерді ішуге болмайды!

  2. Салеметсизбе менин сурайын дегеним менин жуктилигиме шамаманен 7 апта бирак 2 кунен бери менин ишимнин томенги жагы ауырып жур бирак ешкандай кан немесе коныр тусти ештеме жок ишим неден ауыруы мумкин

    1. Сәлем Арай. Іштің ауыруы түрлі себептерден болуы мүмкін. Оны саған нақты ешкім айта алмайды, арнайы диагностика өткізбесең… Бірақ түсік қаупі бар деп сезінсең, дәрігерге баруың керек

  3. Сəлеметсізбе! Менде 8 апта. Токсикоз осы аптада күшейема? Мен таңертеңнен жеген тамағымның бəрін құсып тастап жатырм. Су ішсем де.

  4. Салем мен 8ші аптадамын астым шаншып ауырады жии туалет кысады узиде жаксы диды аяктари жыбырлап жатыр

  5. Салеметсизбе? Менде 6 апталык жуктилик. Кан кетип тур. Айлык сиякты кызыл тусти. Ири комоктары да бар. Узига тустим. Жатырда кишкентай гана бирдене бар. Ол балама баска бирдене ме анык билмеймин деди. Дагигерим уйге коя берди бир аптадан сон тагы узиге жиберемин деп. Не истеуге болады? Жауап бере аласызба?

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*