Өз қолыңызбен әсем дизайн

Пәтерде жөндеу жүргізе бастаған кезде көбіміз дизайнды ойластыра бастаймыз. Қабырғаға немесе жиһазға оригиналды суреттерді салу соның бір өте қызық шешімі болып табылады. Әрине, бұл жұмысты өзіңіз жасауға немесе суретшіге тапсырсаңыз болады. Бірақ мұндай талант бәрінде бола бермейді, ал суретшінің ақысын қалта көтермейді. Осы кезде интерьерге арналған жапсырмалар көмекке келеді. Олардың көмегімен кез-келген бөлмені әсемдей аласыз. Қолданылуы да оңай.

Винилді жапсырмалар: ол не?

Интерьерге арналған жапсырмалар — бұл өзі желімденетін қабықшадағы түрлі суреттер. Бұндай технологиялар дүкендердің витриналарында немесе жарнама конструкцияларында қолданылады. Интерьерге арналған жапсырмалардың басқа осындай ұқсас шешімдерден айырмашылығы: олардың өңі кетпейді, жеңіл жуылады, коррозияға ұшырамайды және де оны шешіп алып тастауға болады.

Жапсырмаларды қайда қолдануға болады?

Бұл жапсырмаларды кез келген жерде қолдануға болады. Әдетте, жануарлардың, гүлдердің немесе өсімдіктердің суреттерін жатын бөлмеде, қонақ бөлмеде немесе кіреберісте қолданылады. Мысалы, жатын бөлмеде бақ жасауға болады. Ал кіреберісте сізді бір топ сүйкімді мысықтар қарсы алады.

gost1

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

spal1

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

gost3

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

gost2

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

Ал балалар бөлмесінде винилді жапсырмалар көптеген қиындықтарды шешеді. Бала өскен сайын бөлменің дизайнын да өзгерту керек. Бала деген тез өседі ғой! Жапсырмаларды қабырғаға орналастырып, оларды жиі ауыстыруға болады (күнделікті емес, әрине:-). Мұнда түрлі суреттер ұсынылады: мультфильм кейіпкерлері, жануарлар, алфавит және т.б.

detsk2

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

detsk3

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

detsk1

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

Сонымен қатар, винилді жапсырмалармен қабырғаларды әсемдеп қана қоймай, түрлі тұрмыстық техниканы да әшекейлеуге болады. Мысалы, тоңызытқыш, кір жуғыш машинаны және т.б.

texn1

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

texn2

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

Ванна бөлмесінде, тіпті дәретханада да оларды қолдануға болады. Душ кабинасының әйнегіне немесе ваннаның түбіне балықтарды жапсыруға болады.

vanna1

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтемеге немесе мына сілтімеге кіресіз.

daretxana2

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

daretxana1

Дәл осындай жапсырманы сатып алғыңыз келсе мына сілтімеге кіресіз.

Жапсырмаларды қабырғаға қалай жапсырады?

Сонымен, сізге керек жапсырма дайын болғаннан кейін, оны қажетті жерге орналастыруымыз керек. Сізге мына құралдар қажет болады:

  • белгілеу үшін қарындаш;
  • бет жағын өңдеу үшін таза құрғақ сүлгі;
  • жапсырмаларды тегістеу үшін ракель немесе кез-келген пластикалық карточка.

Егер жапсырмаңыз үлкен болса, сізге жақындарыңыздың көмегі қажет болады. Өте үлкен жапсырмаларды бөлшектеп жапсырғаны жөн.

  1. Жапсырманы жазып тастап, оны түзету үшін және арасындағы көпіршіктерді кетіру үшін үстінен ракельмен жүргізіңіз.
  2. Қол-саусақтардың іздерін және басқа дақтарды таза сүлгімен сүртіп алыңыз.
  3. Жапсыруға жоспарланатын қабырғаға жапсырманы қойып, қарындашпен белгілеп алыңыз.
  4. Жапсырманың төменгі қағаз қабатын 10-15см-ге ашып, бөліп аласыз. Оны түгелімен алып тастамаңыз, суретті бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
  5. Оны қабырғада алдын-ала белгілеп қойған белгілерге басып, ауа көпіршіктерін ракельмен жүргізіп алып тастайсыз. Сөйтіп төменгі қағаз қабатын еппен алып бүкіл жапсырманы жабыстырасыз.
  6. Енді бетіндегі қорғаныш қабатын ғана алып тастау қалды, оны бұрыштан бастайсыз.

Бұндай жапсырмалармен кез-келген мейрамға қарсы пәтерді безендіругеболады. Мысалы, үйлену тойы, мерейтой, перзентханадан күтіп алғанда және т.б.

Сонымен қатар, винилді жапсырмалардың бағасы тиімді. Олар суреттің күрделілігіне және өлшемдеріне байланысты болады.

Жапсырмалардың басқа түрлерін осы жерден немесе осы жерден таңдап, сатып алуға болады.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*

  Ұқсас жазбалар: