Жігітпен кездесуде өзін қалай ұстау керек

Алғашқы кездесу – бұл жастар бір-біріне қаншалықты көңіл тартатыны, отбасы құруға мүмкіндігін анықтайтын кез. Бірақ, ақылды қыз үшін, бұл өзіне дұрыс қатынасты қалыптастыратын өте маңызды кез болып табылады.

Сіз, ер адамды қызықтыруыңыз керек. Сүйкімді қыз болып қызықтырып қана қоймай, жігітіңіз сіз туралы ойлайтын болсын және сізді сыйлатын болсын. Осы маңызды!

Сіз де жігітіңізді сыйлаңыз және де алғашқы кездесуге кешікпеңіз. Егер де сіз, бұл кездесулердің болашағына сенімді болсаңыз, өзіңізді салмақты қыз екеніңізді көрсетіңіз.

Алғашқы кездесуге шулы мекеме жарамайды. Достарыңызды ерітіп келу де қателік болып саналады. Бұл шара тек екеуіңіз үшін.

Басты сұрақ: не туралы сөйлесесіз? Ауа-райы туралы? Саясат туралы? Өзіңізді ақылды етіп көрсету керек пе? Қалыс адам болыңыз, сабырлықты сақтаңыз және де жігітіңізді тыңдаңыз. Артынан еріңіз. Егер де ол би клубтары туралы сөйлескісі келсе, сізге қайсысы ұнайтыны туралы және қай жерге барып тұратыңызды айтыңыз. Сіздің қызығушылықтарыңыздың бар екенін көрсетіңіз. Бірақ, сіздің қасыңызда ол өзін жеңіл сезінсін! Жігітіңізге проблемаларыңызды және өзіңіздің әзілдеріңізді айтпаңыз, дұрысы оны тыңдап және оның көңіл толқынында болу. Сәл позитивті болыңыз, күлімсіреңіз.

Кездесуде өзіңізді жеңіл ұстап, сабырлы және де салмақты болыңыз.  Жігіт ойланып қалсын: ол сізге ұнады ма, жақсы әсер қалдырды ма. Сізді басқа мылжың қыздар сияқты емес, өте қызықты және жұмбақ қыз деп есептесін.

Жігітке сұрақ қойыңыз: мүмкін өзі туралы айтқысы келеді, сіз оған көмектесеңіз, ол сізге риза болады. Қарапайым сұрақ: «Өзің туралы айтшы. Қайда жұмыс істейсің, не қызықтырады, уақытыңды қалай өткізесің?», ал оған қызықты тақырыпты сіз әрі қарай өрістетіңіз. Кейде сұрастыруда қарапайым әдіс көмектеседі: аз ғана өзіңіз туралы айтыңыз, ал әрі қарай: ал сен ше? ал сенде қалай? Мысалы: «Мен йогамен айналысамын, біздің жаттықтырушымыз жақсы, бірақ қатты қинайды, жаттықтырудан кейін денең ауырады… Ал сен ше, қандай спортпен шұғылданасың?». Әрі қарай – тыңдаңыз, тыңдаңыз…. Әңгіме айтушыны қостаңыз, сұрақтар қойыңыз, мұнда маңызды: ол емес, сіз тыңдаушы болуыңыз керек.

Жігіттер қыздар сияқты қошемет сөздерді жақсы көреді. Егер де сізге оның әңгімесінде шынымен де бір нәрсе ұнаса, оған бірнеше қошемет сөздерді сыйлаңыз.

Әрине, сізде де онымен бөлісетін әңгіме бар, бірақ мұнда екі орынсыз тақырып бар: бұл өткен қарым-қатынастар және кез-келген негатив. Негатив жайлы: тәрбиелі адамдар басқа адамдарды, мамандықтарды, діни көзқарастарды жамандамайды. Сіздің пікірлеріңіз мақұлданған (сізге бәрі ұнайды) немесе қалыс («Немесе солай!») болсын. Егер мектеп кездеріңізді еске алып жатсаңыз, тек жақсы көретін ұстаздарыңызды еске алғаныңыз жөн. Ал өткен қатынастарды құпия етіп жасырмаңыз, бірақ оны әдейі айтуға немес сол туралы сұрастыруға болмайды. Алайда, өткен қатынастарыңызды жылулықпен айтсаңыз, сіз өзіңіз жайлы жақсы әсер қалдырасыз.

Оның әңгімесіне қызуғышылыңыз болу керек, бірақ жігіттің өзі сізді қатты қызықтырмауы тиіс. Айырмашылығын сезе алдыңыз ба? Сабырлық сақтаңыз. Сөзіне ұйып, аузына қарап қалмаңыз, тез жалықтырып жібересіз. Ер адам қолына түскенін емес, дегеніне өзі жеткенін қалайды. Көшеде жүргенде, абайсызда оның қолын жіберіңіз: сіздің қолыңызды қайтадан өзі іздесін. Идея түсінікті ме?

Кездесуде кафеге кіруге болады және де аздап стресс шешу үшін бір бокал шарап ішуге болады, бірақ көп ішіп мас болуға болмайды. Кафеге келген адамдарға, алдыңыздағы асыңызға көңіл аударыңыз. Қабырғадағы суреттерге, басқа адамдарға, өмірге қызығушылығыңыз бар екенін көрсетіңіз, бірақ жігітке аса көп назар аудармаңыз: сіз емес, ол сізге деген қызығушылығын білдіру керек. Егер де ол қызығушылығын көрсетпесе – мүмкін бұл жігіт сіз іздеп жүрген жарыңыз емес шығар?

Кездесуді ұзақ және оны қалай қызық өткізуді ойламаңыз. Оны жақсы және жылы бітіруді, бірақ бірінші болып аяқтауды ойластырыңыз. Кездесуді бірінші болып аяқтауға тырысыңыз, әсіресе, жігіт сізге қатты ұнаса. Үш-төрт сағаттан кейін, сағатыңызға қарап айтыңыз: «Бәрі керемет өтті, бірақ менде ертең ауыр күн, көп шаруаларым бар». Ертең сізді не күтіп тұрғанын айтпаңыз, одан да көзіне жылулықпен қарап, ризашылықпен күлімсіреңіз.

 

Келесі кездесулер

Алғашқы кездесудің соңында бетіңізден немесе ерніңізден сәл ғана сүйгізуге болады. Әрине, жігіт бірінші кездесуден кейін бірден бәріне қол жеткізгісі келеді, ал сіздің мақсатыңыз – бұл ұмтылысты іркіту. Жігіт тәніңізді ғана емес, жаныңызды сүйсін. Екінші кездесуде сізді шығарып салса да болады. Ешқандай жақын қарым-қатынастар болмау тиіс. Жігіт үшін мақсат қаншалықты қиын болса, соншалықты оны жоғары бағалайды.

Алғашқы үш кездесулерде өзіңізді сабырлы және жеңіл ұстаңыз, сүйкімді болыңыз. Алғашқы үш кездесу тек танысу болсын. Ешқандай романтика, терең сезімдер болмау керек. Біраз уақыт өткеннен кейін ғана ашылып, ғашық болуға болады.

Ескерту: ғашық болуға болады, бірақ сабырлықты сақтаңыз. Армандарға батып, қатты үміттенбеңіз, бұл сізге кедергі болады. Сіз жігітке қатты тәуелді болғанын ол сезбеу керек.

Аптасына қанша рет кездесу керек? Егер күнде кездесеңіз, жігіттіңізді тез жалықтырып жібересіз. Алғашқы ай жігітіңізбен аптасына бір рет кездесесіз. Екінші айда – екі-үш рет. Ал содан кейін үш-төрт рет кездесуге де болады. Қатынастарыңызға қаншалықты сенімді болсаңыз да, аптасына үш-төрт реттен көп кездесуге болмайды. Күнде бір-бірін көруге тек отбасы құрған кезде болады.

Ия, сіз ғашықсыз және оны жиі көргіңіз келеді. Бірақ, егер де сіз сол жігітпен тұрмыс құрғыңыз келсе, қолжетімді болмаңыз. Ер адамдар ойындарды және спортты жақсы көреді – футбол, хоккей, теннис, себебі олар сайысқанды ұнатады. Ал сіз, ол үшін қымбат жүлде болыңыз!

Дереккөз: http://www.psychologos.ru

Аудармасын жасаған: Kundyz Kz

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*