Жүктіліктің 3-ші аптасы

Іштегі нәрестеге – 1 апта болды.

Сіз өзіңізде ешқандай өзгерістерді әлі байқамайсыз. Әлі ерте! Бұл кезеңде кейбір әйелдер тіпті жүкті болғанынын да білмейді.

Айына бір рет, екі етеккірдің аралығында, аналық бездерден бір аналық жасуша босап шығып, фаллоптық қос түтіктің біреуіне түсіп, сол арқылы жатыр қуысына өтеді. Егер осы кезден сәл бұрын әйел жыныстық қатынасқа түскен болса, аналық жасуша аталық жасушамен қосылып, әйелдің бойына бала бітуі мүмкін. Аналық және аталық жасушалар қосылғанда жаңа тіршілік иесінің ең алғашқы жасушасы пайда болады. Бұл қосылу (яғни «ұрықтану») фаллоптық қос түтіктің бірінде жүзеге асады. Ұрықтанған жасуша осыдан кейінгі 3–4 күннің ішінде түтік арқылы жылжи отырып, жатырға өтеді де, оның қабырғасына бекінеді. Ұрықтанғаннан кейінгі 8 аптаны ұрықтық (эмбриондық) кезең деп атайды, ал нәресте ұрық (эмбрион) деп те аталады. Осы уақыттың ішінде алғашқыда жалғыз ғана жасушадан тұрған ұрық дамып, дене мүшелері, сүйек қаңқасы, ми мен жүйке жүйесі сияқты негізгі ағзалары анық байқалатын организмге айналады.

Кім туылады, ұл ма, әлде қыз ба?

Сіздің болашақ балаңыздың жыныстық қатынасын аналық жасушаны (аналық жасушалар тек Х-хромосомды болады) ұрықтандырған сперматозоидтың (аталық немесе аналық) түріне байланысты болады: Y-хромосомы бар тасымалдаушысы ұлды тудырады, ал Х-хромосомы бар тасымалдаушысы – қызды.

Аталық және аналық хромосомалардың бірігуінің нәтижесінде ХХ хромосомалар жиынтығы бар қыз немесе XY хромосомалар жиынтығынан тұратын ұл ұрықтануы мүмкін.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*