Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары

Жүктілік күнтізбесі. Егер сіз, өз жүктілігіңіздің мерзімін білмесеңіз, оны мына калькулятор арқылы анықтап алуға болады.

Жүктіліктің алғашқы екі аптасы акушерлік практикада нағыз жүктілік болып есептелмейді.
Себебі, жүктіліктің 2-ші аптасында әлі де фолликул пісіп жетіліп жатады, ұрықтануға арналған аналық жасуша сәтті ұрықтануға дайындалады. Болашақта овуляцияның басталуы және сәтті ұрықтануы өткеннен кейін ғана нағыз жүктілік пайда болады. Сөйтіп, жүктіліктің алғашқы екі аптасы фолликулярлық фаза болып есептеледі, ол дегеніміз әйел нағыз жүкті болып есептелмейді.

Көптеген жағдайларда әйелдер нақты ұрықталу күнін білмейді, бірақ соңғы етеккір циклнің басталған күнін айтуы мүмкін. Осы кезден бастап, әдетте жүктіліктің есептелуі жүргізіледі. Көптеген әйелдер үшін ұрықтанудың (овуляция) ең ықтимал мезгілі – олардың етеккір циклнің ортасында болады, басқа сөзбен айтқанда келесі етеккірдің басталуына дейін екі апта бұрын. Осы күннен бастап (соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап) жүктілік 280 күн, немесе 40 апта бойы созылады. Сөйтіп, соңғы етеккірдің басталған күніне 280 күнды қосып, сіз босанатын күнді де болжамдай аласыз.

Мұндай жүктіліктің есептелуі, іштегі нәрестенің гестациондық жасын анықтайды. Осындай “күнтізбені” қолданып, дәрігерлер және медбикелер іштегі нәрестенің дамуын қадағалайды. Ал овуляциялық (немесе фертилизациялық) жас нақты ұрықтану күннен бастап есептеледі. Ол гестациондық жастан екі апта кем болады.

Дәрігерлердің көбісі жүктілікті аптамен есептейді. Мысалы, егер сізге дәрігер “сіздің жүктілігіңізге 10 апта болды” десе, онда ұрықтану 8 апта бұрын болды және сіз 30 аптадан кейін босануыңыз мүмкін деген сөз (себебі жүктіліктің жалпы мерзімі 40 апта).

Сонымен қатар, триместр деген ірі өлшеу бірлігі бар. Триместрлер жүктілік мезгілін үш фазаға бөледі. Ұзақтығы 13 апта болатын мұндай әр фаза, өзіне тән ерекшеліктеріне ие болады. Мысалы, түсіктер (өзінен-өзі түсіп қалуы) әдетте бірінші триместрде болады. Бұл, нәрестенің мүшелері тез қалыптасатын және дамитын кезеңі. Ал үшінші триместрде жүктілік кезінде болатын гипертонияның (көтерілген артериалдық қысым), токсемияның (қанда токсиндердің пайда болуы) және преэклампсияның (жүктілердің кешіктірілген токсикозы) пайда болуы ең ықтимал кезеңі.

Сонымен қатар, жаңадан бала көтерген келіншектер тағы пайдалы ақпаратты осы мақаладан оқи алады: жүктілік кезінде жыныстық қатынас.

#жүктілік, #жүктілік_апталары

Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары: 457 пікір

  1. Сәлеметсіз бе мен жігітіммен августь 28-29 болдым котерген котермегенімді қалай анықтаймын тест карадым ондай ештеңе байкалмайды.

    1. Сәлем Акерке. Жүктілікті етеккірің келмеген кезде тест арқылы тексересің. 1 сызық болса жүкті емессің, ол 99% нақты көрсетеді

  2. Салеметсіз бе! Мен алдыңғы суббота жолдасыммен қосылдым. Енді қазіргі кезде кіші дәретім жиилеп кетті. Ұйқым келе береді. Бірақ жүрек айну ондай жоқ. Етеккірім осының 22 келу керек. Көтеруім мүмкін бе?

    1. Сәлем Мадина. Жүктілікті етеккірің келмеген кезде тест арқылы анықтай аласың.

  3. Салеметсизбе? Менде сонгы айлык августь 14-18. Сентябрь келмеді. Узиге сентябрь 28-і тускенимде салкын тиген яйчникке сондыктан задержка болып тур деген. Одан бері емделіп уколдар алып жургем. Енді октябрь 11-і тест караганымда екі сызык корсетіп тур. Бірак даригерге əлі бармадым. 1-ші жүктілігім еді. Енді уакытын кай уакыттан бастап есептесем болады?

    1. Сәлем Тоты. Әдетте жүктілікті соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап санайды. Дәрігермен ақылдасуың керек.

  4. салеметсизбе мен ушинши балама аягым ауыр еди оны осыдан уш кун бурын кан кетип тусирип алдым бирак ауруханага бармадым ишимде калдык калуы мумкин бе ауруханага баруым керек пе отинем кенес бериниздерши

    1. Сәлем Фариза. Иә, қалдық қалуы мүмкін. Дәрігерге баруың керексің

  5. Салеметсизбе!менде 2ай аллаг шукир.бир сурагым жакында уй ремонттаганбыз басында билинбеген ка мурыным битип басым ауырып журегим айнуда кандай акыл кенес бересиз балага зияны барма

    1. Сәлем Арай. Жүктілік кезінде ондай болып тұрады — жүрек айнуы, мұрын бітелгені. Уайымдама

  6. Сәлеметсіз бе?!маған 1-2апта болды деген,іші аздап ауырып,әлсін-әлсін кіші дәрет шыға береді?сосын түсік тастау қауіпі жоқпа?

  7. Сәлеметсізбе! Етекірім август 30-ы келген болатын сентябрьда келмеді октябрьдын 2-сі тест алып көріп едім 1 сызық шықты сосын 11- ы қайта көріп едім 2 сызық шықты қазір кіші дәрет жиілеп жүр? Бірінші жүктілігім

  8. Саламатмыздарма. Етеккірімнен кейін 7 күннен кейн күн сайын кішкене кішкене қан келіп жатты. Қазір 1 апта болды əлі келіп жатыр етеккір сияқты болып. Ішімнің төменгі жағы ауырып аяғымда тартып ауырды. Жүкті болатындай вроде спираль бар. Ақылдарыңызды айтасыздарма өтініш. Қалаға барып əлі қаралмадым. Ауылдық жерде едім. Алдын ала рахмет

  9. Салеметсизбе! Мен 24 куни жигитим мен болдым 25 куннен бастап етеккирим келу керек болатын бирак келмеди танертен журегим айныйды да кояды Ишим аздап ауырады киши даретке жиi барам карным аша береди котерип калуым мумкинбе? Тест алып тексермедим алдын ала рахмет

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*