Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары

Жүктілік күнтізбесі. Егер сіз, өз жүктілігіңіздің мерзімін білмесеңіз, оны мына калькулятор арқылы анықтап алуға болады.

Жүктіліктің алғашқы екі аптасы акушерлік практикада нағыз жүктілік болып есептелмейді.
Себебі, жүктіліктің 2-ші аптасында әлі де фолликул пісіп жетіліп жатады, ұрықтануға арналған аналық жасуша сәтті ұрықтануға дайындалады. Болашақта овуляцияның басталуы және сәтті ұрықтануы өткеннен кейін ғана нағыз жүктілік пайда болады. Сөйтіп, жүктіліктің алғашқы екі аптасы фолликулярлық фаза болып есептеледі, ол дегеніміз әйел нағыз жүкті болып есептелмейді.

Көптеген жағдайларда әйелдер нақты ұрықталу күнін білмейді, бірақ соңғы етеккір циклнің басталған күнін айтуы мүмкін. Осы кезден бастап, әдетте жүктіліктің есептелуі жүргізіледі. Көптеген әйелдер үшін ұрықтанудың (овуляция) ең ықтимал мезгілі – олардың етеккір циклнің ортасында болады, басқа сөзбен айтқанда келесі етеккірдің басталуына дейін екі апта бұрын. Осы күннен бастап (соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап) жүктілік 280 күн, немесе 40 апта бойы созылады. Сөйтіп, соңғы етеккірдің басталған күніне 280 күнды қосып, сіз босанатын күнді де болжамдай аласыз.

Мұндай жүктіліктің есептелуі, іштегі нәрестенің гестациондық жасын анықтайды. Осындай “күнтізбені” қолданып, дәрігерлер және медбикелер іштегі нәрестенің дамуын қадағалайды. Ал овуляциялық (немесе фертилизациялық) жас нақты ұрықтану күннен бастап есептеледі. Ол гестациондық жастан екі апта кем болады.

Дәрігерлердің көбісі жүктілікті аптамен есептейді. Мысалы, егер сізге дәрігер “сіздің жүктілігіңізге 10 апта болды” десе, онда ұрықтану 8 апта бұрын болды және сіз 30 аптадан кейін босануыңыз мүмкін деген сөз (себебі жүктіліктің жалпы мерзімі 40 апта).

Сонымен қатар, триместр деген ірі өлшеу бірлігі бар. Триместрлер жүктілік мезгілін үш фазаға бөледі. Ұзақтығы 13 апта болатын мұндай әр фаза, өзіне тән ерекшеліктеріне ие болады. Мысалы, түсіктер (өзінен-өзі түсіп қалуы) әдетте бірінші триместрде болады. Бұл, нәрестенің мүшелері тез қалыптасатын және дамитын кезеңі. Ал үшінші триместрде жүктілік кезінде болатын гипертонияның (көтерілген артериалдық қысым), токсемияның (қанда токсиндердің пайда болуы) және преэклампсияның (жүктілердің кешіктірілген токсикозы) пайда болуы ең ықтимал кезеңі.

Сонымен қатар, жаңадан бала көтерген келіншектер тағы пайдалы ақпаратты осы мақаладан оқи алады: жүктілік кезінде жыныстық қатынас.

#жүктілік, #жүктілік_апталары

Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары: 457 пікір

  1. Салеметсизбе. Менин сурайын дегеним октябрьдин 6 келди конагым. Осы 2 3кун болды журегим айнып жур. Бирак коныркай бир нарсе келип тур. Мен жукти бола алам ба или жокпа. Али тест карамадым.

    1. Бакытгул апай коныркай нарсе не екен биле алдыныз ба Маган жауап жазсаныз жаксы болар еды

  2. салеметсіз бе менде даригер киста бар он жакта деген дари жазып берген етекирин келгенде кабылдайсын деп бирак етекирим келмей жатыр не истесем болаболган ды (етекир сонгы 22.09.2017 болган ) ишим астым кейде тартып аурып жур, бирак теспен тексерилдим жуктилик белгиси жок уйленгениме 3 ай болды, енди дарилерди кабылдай берейинбе, киста 6.5 үлкейсе операция жасайдыгой жасаткым келмейди емделесин деген еди дарилермен

  3. Салеметсізбе узиге қанша аптасында түскен дұрыс және зиянсыз?

  4. Сəлеметсізбе?! Етеккірім 4сентябрь келдім уақытымен. Енді октябрьде жоқ. Міне бүгін 1ноябрь . Тест жүргіздім отрицательный.

  5. Сəлеметсіздерме? Қатты толып бара жатырмын,ішім белім ауырып бетіме угрилер шыға бастады. Бетім көзім ісіп жатыр. Не істесем болады жүктілік емеспа?алдыңғы айдың 12келген етеккірім.

  6. Сәлеметсіздер? Менің бір ұл бір қызым бар. Қызым 1жас 9 айдан асты. Босангалы етеккір көрген жокпын. Өзімді жайсыз сезінген соң тест көрдім. Жүкті екенмін. Сонда мен қашан котергенімді қалай білем?

  7. салеметсиздерме мен турмыстамын жасым 21 де. осы 1 аптанын ишинде менин киндык астым катты журек согад токтамай ол не болуы мумкин

  8. Салеметсизбе жауап беринизши жуктилик кезинде угроза болганда жане гормондарды реттеу ушин кандай дари ишкен дурыс отниш жауап беринизши

  9. Салеметсизбе жауап беринизши отниш жукти кезде угрозада жане гормонды реттеуге кандай дари ишкен дурыс

    1. Сәлем Арай! Саған дәрігерден кеңес алғаның жөн, дәрілерді ол ғана тағайындай алады.

  10. .салеметстсиз менин жуктилигим 30 апта куиеум ауру жуктырган екен мпган онысы жуккан сиакты балама зиан ба нестесем болады астым ашытад териси бортип ириндеп жатыр нестесем болады

    1. Сәлем Арука. Саған тез арада дәрігердің кеңесі керек. Ол қажетті талдауларды, емді тағайындайды

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*