Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары

Жүктілік күнтізбесі. Егер сіз, өз жүктілігіңіздің мерзімін білмесеңіз, оны мына калькулятор арқылы анықтап алуға болады.

Жүктіліктің алғашқы екі аптасы акушерлік практикада нағыз жүктілік болып есептелмейді.
Себебі, жүктіліктің 2-ші аптасында әлі де фолликул пісіп жетіліп жатады, ұрықтануға арналған аналық жасуша сәтті ұрықтануға дайындалады. Болашақта овуляцияның басталуы және сәтті ұрықтануы өткеннен кейін ғана нағыз жүктілік пайда болады. Сөйтіп, жүктіліктің алғашқы екі аптасы фолликулярлық фаза болып есептеледі, ол дегеніміз әйел нағыз жүкті болып есептелмейді.

Көптеген жағдайларда әйелдер нақты ұрықталу күнін білмейді, бірақ соңғы етеккір циклнің басталған күнін айтуы мүмкін. Осы кезден бастап, әдетте жүктіліктің есептелуі жүргізіледі. Көптеген әйелдер үшін ұрықтанудың (овуляция) ең ықтимал мезгілі – олардың етеккір циклнің ортасында болады, басқа сөзбен айтқанда келесі етеккірдің басталуына дейін екі апта бұрын. Осы күннен бастап (соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап) жүктілік 280 күн, немесе 40 апта бойы созылады. Сөйтіп, соңғы етеккірдің басталған күніне 280 күнды қосып, сіз босанатын күнді де болжамдай аласыз.

Мұндай жүктіліктің есептелуі, іштегі нәрестенің гестациондық жасын анықтайды. Осындай “күнтізбені” қолданып, дәрігерлер және медбикелер іштегі нәрестенің дамуын қадағалайды. Ал овуляциялық (немесе фертилизациялық) жас нақты ұрықтану күннен бастап есептеледі. Ол гестациондық жастан екі апта кем болады.

Дәрігерлердің көбісі жүктілікті аптамен есептейді. Мысалы, егер сізге дәрігер “сіздің жүктілігіңізге 10 апта болды” десе, онда ұрықтану 8 апта бұрын болды және сіз 30 аптадан кейін босануыңыз мүмкін деген сөз (себебі жүктіліктің жалпы мерзімі 40 апта).

Сонымен қатар, триместр деген ірі өлшеу бірлігі бар. Триместрлер жүктілік мезгілін үш фазаға бөледі. Ұзақтығы 13 апта болатын мұндай әр фаза, өзіне тән ерекшеліктеріне ие болады. Мысалы, түсіктер (өзінен-өзі түсіп қалуы) әдетте бірінші триместрде болады. Бұл, нәрестенің мүшелері тез қалыптасатын және дамитын кезеңі. Ал үшінші триместрде жүктілік кезінде болатын гипертонияның (көтерілген артериалдық қысым), токсемияның (қанда токсиндердің пайда болуы) және преэклампсияның (жүктілердің кешіктірілген токсикозы) пайда болуы ең ықтимал кезеңі.

Сонымен қатар, жаңадан бала көтерген келіншектер тағы пайдалы ақпаратты осы мақаладан оқи алады: жүктілік кезінде жыныстық қатынас.

#жүктілік, #жүктілік_апталары

Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары: 457 пікір

  1. Мен куйеуге шыққаныма 9ай болып жатыр.Бала көтере алмай журм Дәрігерге барып анализде тапсырыс журм менде уреаплазма бар екен.Оған қарсы дəрі де қабылдадым. Жаңалық жоқ əлі. Етеккірім 19 20 келе керек.келмеді.

  2. Сәлем, Дана! Етеккірің келмей жатса, тест алып тексеріп көр. Мүмкін көтерген шығарсың?

  3. салеметсізбе. маган етеккір 20.12.16 келіп 25.12.16 кетті енді январь 26 сы болды əлі келмелі түсінбей отырмын көтердім бе деп? астымнан суға ұқсаған сұйықтық көп мөлшерде ағатын боллы сонғы уақытта ол ненің белгісі түсіне алар емеспін. Жауабыңызды күтемін…

    1. Сәлем Сезім! Тест алып тексеріп көр көтерген шығарсың, ал сұйықтық жайлы гинеколог-дәрігермен ақылдасу керек.

      1. Салеметсізбе мен метросальпингография тапсырдым Содан кейін аздап қанап жатыр.таңертең қою қан бөлінді.ол не себепті екен?

        1. Сәлем Дана! Бұл процедурадан кейін қан бөлінуі мүмкін, бірақ, дәрігерге көрінгенің артық болмас..

  4. Сәлем Дана. Сальпингоофорит немесе андексит ол өсінділердің қабынуы (воспаление придатков). Ол аналық бездерін зақымдайтын инфекцияның нәтижесінде болады. Толығырақ ақпаратты интернеттен табуға болады.

  5. Салеметсізбе маган етеккірім 26.12.2016-31.12.2016 аралыгында келді … енді январь айында 26 сы келген жок 9 кун отті тест салсам 1 сызык неден болуы мумкін …отинищ жауап жазынызшы ?

    1. Сәлем Зауре. Мүмкін саған жарамсыз тест түскен шығар? Тағы алып тексеріп көр, егер 1 сызық көрсетсе, етеккірің кешігіп келеді

      1. Етеккірім қаңтар 2 і келіп кеткен .Осы айда кіші дəретке жиі барып,ұйқым қанбай,жиі тамақтана бастадым.Айдын аяғында келу керек еді .етеккір 10күн кешіккенге аяғым ауыр деп оилағам.Бірақ бүгін аз аздап келіп жатыр.Сонда аяғым ауыр емес пе?

        1. Cәлем Пери. Етеккір уақытысында келмесе ғана, тест алып жүктілікке тексеруге болады. Бір сызық көрсетсе, етеккір міндетті келеді

  6. Сəлеметсібе? Мнің етеккірім желтоқсан айында келді содан қаңтарда кнлмеді аяқ жағында келу керек еди. 3рет тп т алп тексеріп көрдім 1полоска. Неден болуы мүмкін. Емшектерім ауырады.

    1. Сәлем Шико! Етеккір кешігі келе береді. Емшек ауырса дәрігерге көрінгенің жөн болар

  7. Салеметсизбе мен аяагым ауыр алдынгы балдарым тусип кала берд уиде жатып калаи сактануга болад даригерге азир бара алмаитын едим

    1. Сәлем Арука. Түсік қаупі болған кезде негізінен жату керек, жүруге, көп қимылдауға болмайды. Іштің төменгі жағы ауырса немесе астыңнан қан бөлінсе, дәрігерге міндетті түрде көрінуің керек.

  8. Салеметсизбе етеккирим 21.01.-25.01 келди осы айдагы етеккирим 18 келу керек брак жуктиликти аныктайтын тест салп коргем 2 сызыгы болар болмас коринип тур 2 рет карагам жуктиминбе?

    1. Сәлем Гүлсезім. Тест шамалы болсада екі сызық көрсетсе жүктілікті көрсетеді.

  9. салем кыздар,менин етеккирим сонгы рет 3.01-06.01келди,жукти болуым мумкинбе?алгашкы белгилери кандай?

    1. Сәлем Асель. Жүктілікті анықтау үшін тест алып тексеруге болады. Жүктілікті алғашқы белгілері әркімде әртүрлі болады, кейде тіпті болмауы мүмкін

  10. Салем.менің етеккірім 16.01-20.01 кетті.бүгін тест карап корсем 2ші сызық мутни көрсетіп тұр.котердімба екен?

    1. Сәлем Дана. Екі сызық болса сен жүктісің, сенімді болмасаң тағы тексеріп көр

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*