Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары

Жүктілік күнтізбесі. Егер сіз, өз жүктілігіңіздің мерзімін білмесеңіз, оны мына калькулятор арқылы анықтап алуға болады.

Жүктіліктің алғашқы екі аптасы акушерлік практикада нағыз жүктілік болып есептелмейді.
Себебі, жүктіліктің 2-ші аптасында әлі де фолликул пісіп жетіліп жатады, ұрықтануға арналған аналық жасуша сәтті ұрықтануға дайындалады. Болашақта овуляцияның басталуы және сәтті ұрықтануы өткеннен кейін ғана нағыз жүктілік пайда болады. Сөйтіп, жүктіліктің алғашқы екі аптасы фолликулярлық фаза болып есептеледі, ол дегеніміз әйел нағыз жүкті болып есептелмейді.

Көптеген жағдайларда әйелдер нақты ұрықталу күнін білмейді, бірақ соңғы етеккір циклнің басталған күнін айтуы мүмкін. Осы кезден бастап, әдетте жүктіліктің есептелуі жүргізіледі. Көптеген әйелдер үшін ұрықтанудың (овуляция) ең ықтимал мезгілі – олардың етеккір циклнің ортасында болады, басқа сөзбен айтқанда келесі етеккірдің басталуына дейін екі апта бұрын. Осы күннен бастап (соңғы етеккірдің басталған күнінен бастап) жүктілік 280 күн, немесе 40 апта бойы созылады. Сөйтіп, соңғы етеккірдің басталған күніне 280 күнды қосып, сіз босанатын күнді де болжамдай аласыз.

Мұндай жүктіліктің есептелуі, іштегі нәрестенің гестациондық жасын анықтайды. Осындай “күнтізбені” қолданып, дәрігерлер және медбикелер іштегі нәрестенің дамуын қадағалайды. Ал овуляциялық (немесе фертилизациялық) жас нақты ұрықтану күннен бастап есептеледі. Ол гестациондық жастан екі апта кем болады.

Дәрігерлердің көбісі жүктілікті аптамен есептейді. Мысалы, егер сізге дәрігер “сіздің жүктілігіңізге 10 апта болды” десе, онда ұрықтану 8 апта бұрын болды және сіз 30 аптадан кейін босануыңыз мүмкін деген сөз (себебі жүктіліктің жалпы мерзімі 40 апта).

Сонымен қатар, триместр деген ірі өлшеу бірлігі бар. Триместрлер жүктілік мезгілін үш фазаға бөледі. Ұзақтығы 13 апта болатын мұндай әр фаза, өзіне тән ерекшеліктеріне ие болады. Мысалы, түсіктер (өзінен-өзі түсіп қалуы) әдетте бірінші триместрде болады. Бұл, нәрестенің мүшелері тез қалыптасатын және дамитын кезеңі. Ал үшінші триместрде жүктілік кезінде болатын гипертонияның (көтерілген артериалдық қысым), токсемияның (қанда токсиндердің пайда болуы) және преэклампсияның (жүктілердің кешіктірілген токсикозы) пайда болуы ең ықтимал кезеңі.

Сонымен қатар, жаңадан бала көтерген келіншектер тағы пайдалы ақпаратты осы мақаладан оқи алады: жүктілік кезінде жыныстық қатынас.

#жүктілік, #жүктілік_апталары

Жүктіліктің 1-ші және 2-ші апталары: 457 пікір

  1. Сəлəматсызба менің етеккірім 27 январда келғен 10 февральда ишим белим аурып кішкіне кан аралас виделеня келді ол не болуы мумкін жауап кутем рахмет

  2. Сәлем Гуля. Жүкті болғанын тест арқылы тексеруге болады. Егер жүкті болып және жүктілігіңді сақтап қалғың келсе, астыңнан қан бөлінсе міндетті түрде гинекологқа баруың керек

  3. Салеметсиздерме мен откен жылдын апрельдин 2си куни келип кетти сосын май айында келмеди кешикти мен тест алып кордим еки сызык канык болып турды менин котермегениме 3 жыл болган мен сенбестен 4рет тексердим барлыгында 2сызык болды сосын озиме сенимди болдым ягни 15кун кешикти кейн ишим аяк астынан ауырып тура етеккир келерден алдын ауырадыгой сол сиякты болды сосын даретке барганда кызыл бауырга уксас бирдене тустиде сосын етеккир келе бастады мен тастап койдым деп жедел жардем аркылы ауруханага барган болатынмын ондагылар тексерип ештене емес жай етеккир деди.Менин тусинбегеним тесттин жалган болганыма?Сосын дареттеги кызыл бауыр сиякты не болды?

    1. Сәлем Арайлым. Тест 2 сызық көрсетсе, ол көтергенін 99% көрсетеді. ал кейін сенде түсік болғаны

  4. Казир Аллага шукир котерди 3 ай болды бирак мени мазалайтыны уйкысыздык тунимен уйыктай алмаймын кундизде сол.Сосын он жак белим катты ауырады каксайды ол неден екен.

    1. Бір жерің ауырып мазаласа, дәрігерден кеңес алғаның жөн

  5. Сəлеметсізбе мен откен апта тест тексеріп коргенимде мутни болып турған.сенімсіз болып журм.енді бүгін ішімнің астыңғы жағы сыздап ауырып жүр.шамалы ішім шығып тұр.ол неден екен

    1. Сәлем Дана. Жүкті болғанда, іштің астыңғы жағы тартып/сыздап ауырса өзіңді күтуің керек (көп қимылдамай, ауыр көтеруге болмайды, ең дұрысы жату керек), ал егер сонымен қатар астынан қан бөлінсе, жедел жәрдем шақыруың керек (түсік қаупі болуы мүмкін)

  6. Сәлеметсіз бе! Менім аягым ауыр 6 аптадан асты. Таксикоз катты болып жатыр тамақ ішуден калдым ішімде тамак болмаса да киналып кушеніп ащы запыран кусам уже екінші рет 3-4 ай болады осылай. Кандай кенес айтасыз?

    1. Сәлем Мақпал. Өкінішке орай токсикозды жеңуге болмайды, тек шыдау керек 🙁
      Ол бірнеше күн немесе тіпті бірнеше ай созылуы мүмкін, әркімде әрқалай болады
      Мүмкін токсикозды жеңілдетудің тәсілдерін басқа қыздар, сайт оқырмандары білетін шығар? Өтініш бөлісіңіздерші….

    2. Салеметсиз бе Аллага шукир мен жуктимин конкуляторда 11 апта деп тур узи бойынша 9 апта гой сонда кайсысы дурыс

      1. Сәлем Гуля. 11 апта дұрыс, себебі акушер-гинекологтар жүктілікті соңғы етеккірдің басталған күннен бастап есептейді

  7. Сәлеметсіз бе! мен осыдан 2 ай бұрын жатырдан полип алдырған едім. содан кейін ақпан айында етеккірім кешігіп 7-сінде келді. енді наурыз айында 5-інде келу керек еді, бірақ әлі жоқ. Кешіккеніне 8 күн болды. Көтердім ба, жоқ па білмей жүрмін. Тест көрейін десем, 1 сызық шығып, көңіл-күйім жаман бола ма деп қорқып жүрмін. Бірақ, әзірше жүктіліктің белгісі жоқ. Жауабыңызды күтем

    1. Сәлем Фатима. Қазір бала көтергеніңді тек тест арқылы білуге болады (жүктіліктің белгілері болмауы да мүмкін). Уайымдама, операциядан кейін өзіңді жақсылап күтсең, дәрігерлердің кеңестеріне құлақ салсаң бәрі де жақсы болады

  8. Мен көптеген дəрі іштім (гормонды) сөйтсем жүкті екенімді етек кірім кідіргенсон тексердім сондан біллдім. Енді 3 аптадай болып қалыпты есептесек. Шаранамның аман сауын қалай білсем болады? Мен дəрі свечя қолдандым қорқамын !

    1. Сәлем Арайлым. Ондай жағдайлар болып тұрады (жүктілігін білмей дәрі қабылдағаны), гинеколог-дәрігерге бәрін айтып, кеңес алғаның жөн.

    1. Жүктілікті етеккір келмеген жағдайда тест арқылы білуге болады. Мысалы өткен айдың 17-де келіп, осы айда келмесе сонда тест алып тексеруге болады. Жүктіліктің мерзімін мына калькулятор арқылы білуге болады http://www.kundyz.kz/%d0%b6%d2%af%d0%ba%d1%82%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b7%d1%96%d0%bc%d1%96%d0%bd-%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%83/

  9. менің етеккірім келмейді бірак мен интернеттен стамина балзамды алып ішіп жатырм емшіге барсам сіз жүктісіз осы айдың ортасы көтергенсіз дит солай болуы мүмкін бе?

    1. Сәлем Меруерт. Бұл препарат жайлы білмеймін. Ал жүктілікті тест арқылы білуге болады.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*