Ас содасының пайдалы қасиеттері

Әдетте, ас содасын (қос көмірқышқылды натрий) кондитерлік тағамдар мен нан өнімдерін пісіруде қолданылады. Бірақ, оның қолданылуы онымен шектелмейді.

Сонымен қатар ол шаруашылықта керемет тазартқыш құрал және денсаулықпен байланысты кейбір проблемаларды шешуде таптырмас көмекші болып табылады.
Ванна қабылдар алдында, суға 100 грамм ас содасын қоссаңыз, теріңіз жұмсақ болады.
Қолтықтағы тері иісін кетіру үшін, дезодоранттың орнына ас содасын қолдануға болады.
Ара немесе маса шаққан кезде, дымқыл ас содасы қышығанды басуға көмектеседі.
Сүтке қосылған бір шәй қасық содасы мен бір шәй қасық бал жөтелді жұмсартуға және қақырықты сұйылтуға көмектеседі.
Ас содасы ерітіндісімен (1 литр қайнаған суға 1 ас қасық содасы) ингаляциялар жасауға болады. Сонымен қатар, бұл ерітіндіге қарағай, эвкалипт эфир майларды қоссаңыз оның пайдасы артады.
Бассейн немесе жағажайдан келіп, аяқ қышыма ауруларын жұқтырмау үшін, аяқтарыңызды ас содасы қосылған жылы суға салып біраз отыру қажет.
Күн сәулесінен теріңіз күйсе, ас содасы қосылған ваннаға түсу керек.
Ас содасын жуынуға арналған көбікке немесе гельге қоссаңыз, бет теріңіз тегіс әрі нәзік болады.
Тістерді ағарту үшін, тіс пастаңызға кішкене ас содасынан қосыңыз

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды. Міндетті түрде толтырылатын өрістер *-мен белгіленген

*