Таза бет терісі. Безеулерден құтылуға көмектесетін маскалар

Төменде келтірілген керемет маскалардың рецепттері безеулерден құтылуға көмектеседі. Оларды жасау өте оңай.

Рецепт №1

2 шәй қасық косметикалық саз балшықты, жарты шәй қасық тұз және 3 шәй қасық суды жақсылап араластырасыз. Бетіңізді сумен бір шайып алып, қоспаны бетіңізге жағыңыз. 20-30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Керек болса бетіңізге крем жағыңыз.

Рецепт №2

1 шәй қасық балдырды(бадяга – кез-келген дәріханадан алуға болады), 2 қасық косметикалық саз балшықты және 3 қасық суды алып жақсылап араластырасыз. Дайын қоспаны бетіңізге жағып 20 минуттай ұстайсыз, артынан жылы сумен бетіңізді жуыңыз.

Рецепт №3

Безеулерді өте жақсы кептіреді. Блендермен 3 ас қасық сұлы жармасын ұнтақтайсыз. 5 ас қасық қайнаған сумен 10-15 минуттай демдейсіз. Жылы ботқаны бетіңізге жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен шайып тастайсыз. Керек болса бетіңізге крем жағыңыз. Бұл масканы аптасына 3 рет қолдануға болады.

Рецепт №4

Бұл масканы дайындау үшін ас содасына аз ғана су қосып, бетіңізге жағыңыз. 15 минуттан кейін жылы сумен шайып тастаңыз.

Ас содасының басқа пайдалы қасиеттері туралы осы жерден оқуға болады.

Рецепт №5

1 ас қасық ащытқыны 3%-тік сутегінің асқын тотығымен(перекись водорода – кез-келген дәріханада сатылады) қаймақ тәріздес болғанға дейін араластырасыз. Бетіңізге қабат-қабат етіп(кепкен сайын) жағасыз. Жылы сумен шайып тастаңыз.

Рецепт №6

Егер де, сізде, безеулер ісініп, қызарса, аспиринді алып 1-2 тамшы суда ботқа етіп езіп, бүкіл бетке емес, тек қызарған безеулерге жағуға болады. Оны 20-30 минут ұстап, кейін жылы сумен шайып жіберіңіз.

Аспиринді бет күтімінде тағы қалай қолдануға болатыны туралы осы жерден оқуға болады.

Нәтижеге тезірек жету үшін тағы келесі кеңестерге құлақ түріңіз: бетіңізді кір қолмен ұстамаңыз, жуынған кезде бетіңізді алдымен жылы сумен, сосын салқын сумен шайыңыз, ұйқыдан тұрғанда, аш қарынға 1 стакан таза су ішіңіз, сонымен қатар, дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз (майлы, тәтті, ащшы тағамдардан бас тартыңыз). Ерінбеңіз! Нәтижесі міндетті түрде сізді қуантады.

ПІКІР ЖАЗУ

Сіздің e-mail-ңіз жарияланбайды.

*